Білімге көмекПандемия басталып, барлық білім беру мекемелері қашықтықтан оқытуға көшкен сәтте бүкіл Қазақстан бойынша мыңдаған отбасы компьютерлер мен планшеттердің тапшылығына тап болғаны әлі есімізде. Біреуінің қалтасы көтермейтін болса, біреуінде бар техника әбден тозып, жеткілікті деңгейде білім алуға мүмкіндік бермей отыр. Сондықтан мемлекеттік деңгейде елдің барлық мектептерін компьютерлік техникамен қамтамасыз етіп, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау шешімі қабылданған болатын. Жаңа оқу жылы басталғалы бері Қостанай өңіріне 15 мыңға жуық ноутбуктар, компьютерлер мен планшеттер жеткізілген. Олардың бір бөлігі жаңа жыл қарсаңында Рудный қаласына да келіп жетті. Жаңа оқу жылында Рудный қаласына техниканың шамамен екі мыңға жуық данасы жеткізілген. Ноутбуктар мен планшеттердің бір бөлігі мектептерге жөнелтілген болса, қалғандары оқушыларға тізім бойынша таратылып жатыр. Мамандардың айтуынша техниканың барлығы жоғары сапалы болғандықтан, оқушылардың толықтай білім алуына мүмкіндік береді. Ерғали Убайдуллаев |
Реклама



Последние новости
18-01-2021, 18:17
190
0
18-01-2021, 18:12
184
0
18-01-2021, 18:08
185
0
18-01-2021, 18:06
178
0
18-01-2021, 18:03
215
0
Категория: ---
Теги:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем. Комментарии (0)
|
Популярное на сайте
|