Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
18-01-2021, 18:12
184
0
18-01-2021, 18:08
185
0
» Балаларға қуаныш сыйлады

Балаларға қуаныш сыйлады

11.01.21
Автор: magnetit
Просмотров: 373
Комментариев: 0

«ССКӨБ» АҚ қызметкерлері жаңа жыл қарсаңында рудныйлық балалар үйі мен мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне арнап жаңа жылдық қайырымдылық акциясын өткізді. «Армандар шыршасы» деп аталатын іс-шара бірлестік әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының қолдауымен ұйымдастырылып, қаламыздағы жүзге жуық баланы қуанышқа бөлеп, жаңа жылдық арманын орындады.


 Қыстың ең ғажайып әрі көңілді мерекесін рудныйлық балалар үйі мен мектеп-интернатының тәрбиеленушілері асыға күтетіні белгілі. Өйткені жаңа жыл қарсаңында өңірдегі кен алыбының мамандары балаларға қуаныш сыйлап, аңсаған армандарын орындауды дәстүрге айналдырған. «ССКӨБ» қызметкерлері Аяз ата мен ақшақар, ертегі әлемінің басқа да кейіпкерлерімен бірге алдымен №1 мектеп-интернатына, одан кейін Рудный қаласының балалар үйіне барып, арнайы дайындаған сыйлықтарды табыстады.
- Біздің негізгі мақсатымыз – балаларға қуаныш сыйлау. Сондықтан мұндай акцияларды «ССКӨБ» АҚ жыл сайын ұйымдастырып келеді. Бір ай бойы балалардың арман-тілектері жазылған хаттарды қабылдадық. Олардың әрқайсысын қарастырып, армандаған сыйлықтарын сатып алдық. Сыйлық тарату акциясын барлық қауіпсіздік шараларын толық сақтай отырып өткіздік. Балалар қуанып қалды, - дейді «ССКӨБ» АҚ Жастар кеңесінің мүшесі Аманжол Бейбіт.
«Армандар шыршасы» акциясының ұйымдастырушы-лары айтқандай, №1 мектеп-интернатының балалары Аяз
атаға 20-ға жуық хат жазған болса, балалар үйінің тәрбиелен-ушілерінен 80 хат келіп түскен. Бүлдіршіндердің басым бөлігі алып қуыршақты, ойыншық көліктер мен құрастырғыштарды сұраған болса, кейбір балалар смарт сағаттар, спорттық құрал-жабдықтар, ертегі планшеттер мен квадрокоптер сияқты қымбат бағалы заттарды армандапты. Аяз атаның мұндай сыйлықтарына ие болу үшін мектеп-интернаты мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қоғамдық өмірде, оқуда үздік болып, әртүрлі конкурстар мен жарыстарға белсенді қатысуы керек.
Бұндай іс-шаралардан бөлек «ССКӨБ» АҚ-ның қызметкерлері жыл сайын қаламыздағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлер мен мүгедектерге де қолдау көрсетіп, құттықтауды еш ұмытпайды. Мәселен биылғы 2021 жыл қарсаңында кәсіпорын жұмысшылары мен кәсіподақ комитетінің қызметкерлері бірлестік ардагерлерін жаңа жылмен құттықтап, арнайы сыйлықтарын үлестірген болса, Еуразиялық топ басшылығы 16 жасқа дейінгі балалары бар барлық жұмысшылардың әр баласына 10 мың теңге көлемінде сыйлықақы төледі. Бұл мақсаттарға Топ басшылығы 700 миллион теңгеден аса қаржы жұмсаған.

Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген Андрей Кононов

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив