Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
120
0
19-04-2021, 16:36
159
0
» Жұмыссыздар назарына!

Жұмыссыздар назарына!

18.01.21
Автор: magnetit
Просмотров: 248
Комментариев: 0

Рудный қаласының жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтар үшін жаңа мамандықтарға оқыту маусымының басталғанын хабарлады. Халықты нәтижелі жұмыспен қамтудың 2018-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған оқыту барысында азаматтар еңбек нарығындағы тапшы мамандықтар бойынша білім алып, тұрақты жұмыс орындарына орналасу мүмкіндігіне ие болмақ. 


 Бағдарлама аясында еңбек нарығындағы сұранысты ескеріп, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау, қысқа мерзімдік оқыту, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікті жүргізуге оқыту, жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарды ұсыну, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға белсенді көмектесу қарастырылған. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін Рудный қаласының жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз жүрген азаматтарды жөндеуші-слесарь, электр-газбен дәнекерлеуші, экскаватор машинисі, электрослесарь сияқты сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімдік оқыту курстарына құжаттарды қабылдау жүргізіліп жатыр. Орталық мамандарының айтуынша 3 ай мерзімді құрайтын оқыту кезеңінде азаматтарға шәкіртақы төленіп, медициналық тексерістен өту құнын өтеу қарастырылып қойылған.
– Оқыту курстарынан бөлек, біздің жұмыспен қамту орталығында 2018-2020 жылы орта кәсіптік және жоғары оқу орындарын бітірген түлектер үшін жастар практикасына орналастыру ұйымдастырылған. Қолында дипломы бар, алайда жұмыс өтілі жоқ жас мамандар үшін қазіргі уақытта 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде еңбекақы төлеумен тәжірибе жинақтау мүмкіндігі ұсынылып отыр. Бұдан бөлек жастар практикасы аяқталғаннан кейін жас мамандар практикадан өткен мекемеде тұрақты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар оқу орнын жақында ғана тәмамдаған түлектер мен жұмыс берушілер үшін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жалғастырылатынын да айтқым келіп отыр, – дейді жұмыспен қамту орталығының басшысы Елена Селянина.
Орталық мамандары хабарлағандай, қысқа мерзімдік оқыту курстарына қабылдау, кәсіпкерлікке оқыту курстарына түсу, жастар практикасына қабылдау, әлеуметтік және қоғамдық жұмыс орындарына орналасу, сонымен қатар «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары бойынша жұмыс іздеушілер мен жас мамандар Рудный қаласындағы Пионерская көшесі 21-ші үй мекенжайына немесе 2-41-36, 2-41-61 және 2-44-94 телефон нөмірлері бойынша жүгіне алады.


Ерғали Убайдуллаев
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив