Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
120
0
19-04-2021, 16:36
159
0
» Көшіп келушілерге қолдау

Көшіп келушілерге қолдау

01.02.21
Автор: magnetit
Просмотров: 521
Комментариев: 0

Елімізде тұрғындары көп аймақтардан жұмыс күші аз өңірлерге ерікті көшіру жұмысы 2021 жылы да жалғасатын болды. Жергілікті жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша Рудный қаласы үшін биылға бөлініп отырған квота саны 2020 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп.


Бүгінде көшіп келу бағдарламасы бойынша бөлініп отырған квотаға шетелдегі қандастарымыз бен еліміздің Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары үміткер бола алады. Рудный қаласы бойынша жұмыспен қамту орталығының мамандары берген ақпаратқа сүйенсек, өткен жылы қаламызға 284 адамды қабылдау қарастырылып, бөлінген квота толықтай орындалған.
- 2020 жылы Рудный қаласына жұмыс орындар саны жұмыс күшінен қарағанда тапшы болып отырған өңірлерден 284 адамды көшіруге арналған квота бөлінді. 158 – шетелден қоныс аударған қандастар болса, қалған 126 – өңірлерден көшіп келгендер. Бұл орайда «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар мен олардың отбасы мүшелері үшін, сондай-ақ жалғызбасты тұлғаларға материалдық көмек көрсету қарастырылған. Дәлірек айтатын болсақ: азаматтардың көшіп келуі үшін өтініш білдіруші мен отбасы мүшелерінің әрқайсысына 35 АЕК (102 мың теңге) көлемінде бір реттік көмек қаржы төленеді, - дейді Рудный қаласы бойынша жұмыспен қамту орталығының бастығы Елена Селянина.
Белгілі болғандай 2020 жылы қаламызға қоныс аударған азаматтарға, сонымен қатар олардың отбасы мүшелеріне жалпы алғанда 26 миллион 915 мың теңге сомасына бір реттік көмек қаржы төленіпті. Бұдан бөлек «Еңбек» бағдарламасына қатысушының отбасына баспананы жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін квотаға іліккен сәтінен бастап бір жыл ішінде қосымша жәрдемақы төленетін болады. Қалаға көшіп келгендер үшін бөлінетін көмек көлемі жалғызбасты азаматтарға 20 АЕК құрайтын болса, адам саны 2-ден 4-ке дейінгі отбасыларға 25 АЕК көлемінде, ал отбасы мүшелері бес және одан көп болса 30 АЕК көлемінде ай сайын көмек көрсетіледі.
Елена Селянинаның айтуынша 2020 жылы Рудный қаласы бойынша Жұмыспен қамту орталығы арқылы қандастар мен өңірлерден көшіп келген азаматтарға баспананы жалға алу және коммуналдық қызмет ақысын өтеу үшін 174 миллион теңгеден аса қаржы төленген.
- Ақшалай көмектен бөлек, барлық көшіп келушілер үшін тұрақты жұмыс орнына орналастыру қарастырылған. Мұндай азаматтар әкімдіктің көмегімен жергілікті өндіріс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына орналастырылатын болса, белгілі бір мамандығы жоқ тұлғаларға қысқа мерзімдік курстарда оқыту ұсынылатын болады, - дейді жұмыспен қамту орталығының бастығы.
Осылайша 2020 жылы көшіп келгендер арасынан 162 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған болса, тағы 3 адам қоғамдық жұмыстарда еңбек етіп жатыр. Айтып өтейік биылғы жылы көшіп келушілер үшін Рудный қаласына бөлінген квота саны өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайып, 414 адамды (350 қандас және 64 адам - өңірлерден көшіп келгендер) құрап отыр.


Ерғали Убайдуллаев
Сурет интернеттен алынды

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив