Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
120
0
19-04-2021, 16:36
159
0
» Алдын ала жазылу міндетті

Алдын ала жазылу міндетті

01.02.21
Автор: magnetit
Просмотров: 547
Комментариев: 0

Жуырда бірқатар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның кейбір қалаларындағы «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» қабылдауға алдын ала жазылусыз қызмет көрсетуді тоқтатады» деген ақпарат тараған болатын. Мұндай қалалардың тізіміне облысымыздың Қостанай, Тобыл және Рудный қалалары да кірген. Осы мәселеге қатысты жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жұмыс кестесімен және азаматтарды қабылдау тәртібімен таныстық.


 Қостанай облысы 12-ші қаңтар күні вирусты жұқтыру көрсеткішінің ушығуына байланысты қызыл аймақтағы облыстар қатарына қосылған болатын. Осыған байланысты 18-ші қаңтардан бастап өңірдегі эпидемиологтар қосымша шектеу шараларын енгізіп, айдың аяғына дейін күшінде болады деп ескерткен еді. Облыстың бас санитарлық дәрігері шығарған жаңа қаулыдағы тармақтардың бірі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын шектеп, азаматтарды қабылдау тек қана алдын ала жазылу бойынша жүргізілетінін айтты.
– Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша, халыққа қызмет көрсету бөлімшелеріндегі азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүргізіліп жатыр. Яғни eGov.kz порталы, 1414 нөміріндегі байланыс орталықтары арқылы немесе телеграмм бот арқылы мамандардың қабылдауына жазылуға болады. Осы қаулыға сәйкес бүгінгі күні орталықтағы барлық қызметтер алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылып жатқандығын ескертіп өткен жөн, – деді Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Рудный қалалық бөлімінің маманы Ольга Явкина.
Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне жүгінушілер қатары көп болғандықтан, мамандар азаматтарға алдын ала кезекке жазылуға кеңес беріп отыр. Оның ең оңай тәсілі – 1414 нөміріне қоңырау шалу немесе eGovKzBot2.0 телеграммбот қызметін пайдалану. Бұдан бөлек қазақстандықтар eGov.kz сайты бойынша электрондық үкімет порталында өтініш қалдыра алады. Бұл орайда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимі қазіргі уақытта өзгертілгенін ескерген абзал. Айдың аяғына дейін азаматтарды қабылдау жұмыс күндері таңғы сағат 9-дан бастап кешкі алтыға дейін жүзеге асырылмақ. Мамандандырылған орталықтар күндізгі сағат төртке дейін жұмыс істейді. 1 ақпаннан бастап халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс тәртібі қандай болатындығы ай соңында белгілі болады.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Суретті түсірген Елена АРТЕМОВА

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив