Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
120
0
19-04-2021, 16:36
159
0
» 2020 жылдың үздік балуаны

2020 жылдың үздік балуаны

01.02.21
Автор: magnetit
Просмотров: 554
Комментариев: 0

Мирас Баршылықов грек-рим күресінен талай додада еліміздің көк туын желбіреткен жас балуан. 82 келі салмақта белдескеннің белін үзетіндей күш пен тәжірибеге ие. Оны бірнеше рет дәлелдеп те үлгерді. Таяуда Қазақстан чемпионы болса, енді грек-рим күресінен 2020 жылдың ең үздік балуаны атанды.


 Бұл атақ Қазақ спорт және туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы бірігіп ұйымдастыратын жыл сайынғы шарада жерлесімізге табысталды.
– Бұл іс-шара әр жылы жыл қорытындысы ретінде өткізіледі. Қазақ спорт және туризм академиясының президенті әрі профессоры Қайрат Закирьяновтың қолдауымен мен грек-рим күресінен 2020 жылдың үздік балуаны атағына ие болдым. Оған Қазақстан чемпионатында көрсеткен нәтижем себеп болды. Жыл үздігін тек сарапшылар таңдамайды, көрермендер де дауыс береді. Халықтың көңілінен шыққан шығармын, осындай мәртебе маған бұйырып отыр, – дейді Мирас Баршылықов.
Расында да, 2020 жылы өткен Қазақстан чемпионатында жерлесіміз әлемнің бірнеше дүркін чемпиондарының жауырынын жер иескетіп, алтын жүлдені қанжығасына байлап келген еді. Қостанай өңірінен жалғыз алтын медаль иелеген де осы Мирас. Оған жеке бапкері Данияр Тұрлыханов жақыннан көмектескен. КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, Еуропа мен Әлем чемпионы, әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, есімі алты алашқа мәлім Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Данияр Тұрлыханов өзінің тектілігін танытып, Мирасты барынша шынықтырып, бәйгеге қосқан. Аламан тартыста ешбір қарсыласы төтеп бере алмаған Мирастың жаттықтырушысы да 2020 жылдың үздік бапкері атанып отыр.
– Жеке бапкеріме алғысым шексіз. Мынадай жетістікке жетуіме Данияр Дәулетұлы себепші болды деп сеніммен айта аламын. Күрестегі бүкіл әдістерімді қалыптастырған да осы жеке бапкерім. Айта кету керек, егер жеңіске жетсең қолдаушың көбейеді, жеңіліп қалсаң жанашырың қалмайды, үлкен спортта осылай. Мен бір жарыста жеңіліп, жарақат алып, ұлттық құрамадан шеттетілген кезімде Данияр Дәулетұлы менің келешегіме сенім білдіріп, өзі арнайы шақыртып, қайта ұлттық құрамаға қосты. Жарты жылдай үзілістен соң тер төгіп еңбек етіп, бапкеріммен бірге Қазақстан чемпионатында жоғары нәтиже көрсеттік, – дейді үздік балуан.
Бүгінгі таңда Азия чемпионатына дайындық қызу жүруде. Одан сүрінбей өтіп, төркүл дүниенің көзі тігілген олимпиада ойындарында кілем үстінде үздіктермен белдесуді Мирас алдына мақсат етіп қойған. Ол үшін қаншама дайындық пен еңбек қажет.
– Рухани дайынмын, – дейді Мирас. – Қазақта «сүйегің сынса да, рухың сынбасын» деген сөз бар. Жылдың үздігі атанған соң, одан әрі биік белестерді бағындыруға менде сенім мен күш пайда болды. Ендігі мақсат олимпиада ойындарында бой көрсету.
Аз ғана үзілістен соң Мирас Баршылықов Алматыға қайта оралып, ұлттық құрама сапында тау бөктеріндегі күрделі жаттығуларын әрі қарай жалғастырады.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив