Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
120
0
19-04-2021, 16:36
159
0
» Тамақтану бөлмесі ашылды

Тамақтану бөлмесі ашылды

01.02.21
Автор: magnetit
Просмотров: 560
Комментариев: 0

Жақында кен алыбының тірегі саналатын шекемтас өндіру цехындағы бөлмелердің бірі күрделі жөндеуден өткізіліп, цех жұмысшыларының тамақтанатын бөлмесі болып жаңарды. Бірлестіктің санитарлық-тұрмыстық бөлмежайларды жаңғырту бағдарламасы бойынша түбегейлі өзгертілген бөлме, қазіргі таңда тамақтануға қажетті жабдықтармен толығып, жұмысшыларды қабылдауға дайын тұр.


 Жаңарған бөлме цехтағы шикі шекемтас учаскесінде орналасқан. Белгілі болғандай осыдан тура бір жыл бұрын бұл жерде түрлі затарды сақтайтын қойма болған екен. Бөлмені тамақтанатын орынға айналдыру идеясын цех басшылығы бірауыздан мақұлдап, жұмысшылардың күшімен оның қабырғалары тегістеліп, еденінен бастап төбесіне дейін күрделі жөнделді.
- Бұдан бұрын біздің учаскеде тамақтанатын бөлмежай болған емес. Жұмысшылар негізінен асханада тамақтанып келген еді. Біз ұсынған идея қолдау тапқаннан кейін, бөлменің жылыту, жарықтандыру жүйелері қалыпқа келтіріліп, қол жуғыштар орнатылды. Бұнымен қоса тамақтануға қажетті үстелдер мен орындықтар сатып алынды. Жұмысшылардың үйінен алып келген тағамдарын қыздыру үшін микротолқынды пеш қойылып, тоңазытқыш әкелінді. Ыстық шәй ішуге арналған 20 литрлік термоподты да сатып алдық, - дейді «ССКӨБ» АҚ Шекемтас өндіру цехының шикі шекемтас учаскесі бастығының міндетін атқарушы Захар Гриненко.
Аталмыш учаскеде бүгінгі күні 208 адам еңбек етіп жатыр. Олардың кейбірі цех асханасынан тамақтанатын болса, кейбір жұмысшылар үйінен алып келген тағамды ұнатады екен. Захар Гриненконың айтуынша жөндеуден өткізілген бөлмеде бір уақытта 20-ға жуық жұмысшы ас қабылдай алады.
- ERG және «ССКӨБ» АҚ басшылығына қарапайым жұмысшылар үшін осындай қолайлы жағдай жасап жатқанына алғыс айтамын. Бұдан бұрын цехтағы асхананы жөндеу бойынша үлкен жұмыс атқарылып, душ қабылдайтын бөлмелеріміз де жаңартылды. Қазір міне тамақтанатын орынды да ұйымдастырып отырмыз. Қол кептіргіштер мен сабын құйғыштар сияқты ұсақ-түйек заттарға дейін қойылды. Тіпті диспетчермен үнемі байланыста болу үшін телефон желісі де тартылды. Адамдардың жұмыс орнына жақсы көңіл-күймен келіп, жұмысқа деген ынтасын асыру үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр. Жуырда жұмысшылардың еңбекақысы көтеріліп, тамақтануға бөлінетін бонустардың да көлемі артты. Бұның барлығы өндіріс жоспарын орындауға септігін тигізеді, - дейді Захар Николаевич.
Айтып өтейік тамақтанатын бөлмені толықтай жөндеу жұмыстары өткен жылдың басында басталып, үш кезеңді қамтыған. Алдымен мұндағы жұмысшылар бұрынғы қоймадағы қалдықтарды шығарып, мердігер компанияның күшімен бөлменің қабырғалары тегістеліп, әрлендіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан кейін цехтың электр ұсталары оның ток жүйесі мен жарықтандыру жүйесін жөнге келтірген. Жиһаздар мен жабдықтар сатып алынған соң, жаңа тамақтанатын бөлме ағымдағы аптадан бастап цех жұмысшыларына өз есігін айқара ашты.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив