Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Бірлестік талабына сай

Бірлестік талабына сай

18.02.19
Автор: magnetit
Просмотров: 327
Комментариев: 0

Серіктестік

Бірлестік талабына сай

Екі бірдей думпкар жаңа көрініске ие болды



 

«Рудный вагон құрастыру зауыты» серіктестігі дайын думпкарларды тапсырды. Зауытқа күрделі жөндеу жұмыстарына «ССКӨБ» АҚ тапсырыс берген.

Серіктестіктің құрылғанына аз уақыт болғанымен бүгінгі таңда ұжым жұмысқа дайын және ССКӨБ-пен арадағы келісім-шартқа байланысты алғашқы тапсырыстарын орындаған. Бірнеше жылдық қызметтен соң қолданыстан шығарылған 2ВС-105 деп аталатын думпкарлар күрделі жөндеуден өтіп, толықтай жаңа көрініске ие болған.

– «ССКӨБ» АҚ үшін екі вагонды жөндеуден өткіздік. Біз оларды желтоқсан айының соңында алып келген едік. Мереке күндері және аязды күндерге байланысты жұмыс кеш басталды. Жалпы жөндеуге кіріскенде вагондардың құрылысын екі аптада бітіре алдық, – дейді «Вагон құрастыру зауыты» ЖШС бас инженері Владимир Гавриш.

Бұл зауыт Рудный қаласында 2017 жылдың соңына таяу құрылған. Қазіргі таңда думпкарларды қайта қалпына келтіру үшін барлық жабдықтары бар, бір айда 4 вагонды нөлден құрасытырып шығуға қауқарлы. Сонымен қатар, өндіріс ауқымында зауыттың стандарттарына сәйкес 100 тонналық думпкарларды тек қалпына келтіріп қоймай, оларды жақсартуға да, бірнеше қосымша функциялар енгізуге де тырысады екен.

– Вагондарда орындалатын функциялар нығайтылған, – дейді бас инженер. – Одан басқа жаңа дизайндағы жоспарларымыз бар. Олар жайлы ССКӨБ-пен келісіп алғанбыз. Алдағы біріге алып баратын жұмыстарымызда қолдануға ниеттіміз. Нәтижесі жоғары болады деген үмітіміз бар.

Вагон құрастыру зауытында монтаждау үдерісіне тағы екі бөлімше қатысады. Оның бірі бөлшектерді жасап шығатын «Энергомет» болса, екіншісі дайын бөлшектерді құрастырып шығатын «Агрогазстрой» серіктестігі базасы. Зауыт бүгінгі таңда мүмкіндіктерін кеңейтіп, ССКӨБ-пен қатар Шығыс Қазақстандағы, Ресейдегі және Өзбекстан мемлекетіндегі кәсіпорындармен келіссөздер жүргізуде.

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив