Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
120
0
19-04-2021, 16:36
159
0
» Ақтық мәреге бір қадам

Ақтық мәреге бір қадам

08.02.21
Автор: magnetit
Просмотров: 702
Комментариев: 0

Рудныйлық өнерпаз Мейрімхан Назарханов «X FACTOR ҚАЗАҚСТАН» байқауының бірнеше айналымынан сүрінбей өтті. Алда шешуші сәт те таяу қалды. Мейрімхан әр айналымда жаңа қырларымен танылып, көптеген тыңдармандарына ие болуда. Жас әншіні еліміздің бірнеше эстрада жұлдыздары қолдауда. Мейрімханның нағыз талант иесі екенін осыдан-ақ білсек болады.


 Мейрімханның атасы Назархан өз заманында талайды тамсандырған әнші болған. Одан бөлек әулетіндегі туыс ата-ағалары жырау-жыршы, музыка бағытындағы майталман азаматтар екен. Осы бір қасиет бойына дарыған Мейрімхан 11 жасынан ән айта бастапты.
– Бала кездегі арманым сақынада жүру болатын. Кейін келе арманым нақты мақсатқа айналды. Өнер саласы жаныма жақын болғандықтан музыкалық колледжде білім алдым. Мектеп кезімде ән айтудың қыр-сырын ұқтырған ұстазым Гүлсім Смайлова үнемі маған алаңдап отыратын. Колледжде ұстазым Талғат Молдағалиев бұл саладағы білімім мен шеберлігімді тереңдетті. Сонымен қатар, Ирина Сытько, Әсел Тасмағамбет секілді өнер жанашырларын да ұстазым деп білемін. Осындай азаматтардың салып берген дара жолымен өнерімді шыңдап, еліміздегі еңселі жобаға қатысып отырмын, – дейді Мейрімхан Назарханов.
2020 жылдың тамыз айының соңында бес мыңға жуық қатысушылардың арасынан іріктеліп шыққан жас әнші талай өнерпаздың бағын ашуға себепкер болған Нағима Есқалиеваның тобына қабылданды. Алғашқы финалдық айналымда әйгілі «Ялла» тобының «Үшқұдық» әнін орындап, ыстық өлкенің ыстық жырымен талай жүректерге от салып, келесі кезеңге жолдама алған болатын. Одан кейінгі айналымдарда «Модабайдың әнін» әуелетіп, орыстың «Жылама» әнімен тағы бір асудан әрі асып, «Аладдин» ертегісінің соундтрегімен қалықтай түсті.
– Жалпы, Нағима Есқалиеваның тобында 3 өнерпаз едік. Қазір екеу қалдық. Апта сайын болатын финалдық кезеңдерден халықтың қолдауымен өтіп келеміз. Айналымдардың бірінде Ресейде хит болған «Не плачь» әнін орындағанда қауіпті зонада қалдым. Бұл дауыс аз жинағанымның белгісі. Қосымша ән орындатып, тағы бір мүмкіндік берді. Әрине, өмір жолы үнемі бір тегіс бола бермейді, әрбір күннің әрқилы сынағына төзе білу керек, сабырлықпен жеңе білу керек деп білемін. Егер лайықты өнер көрсетсең халықтың өзі-ақ көкке көтереді. Қазіргі таңда дайындықты одан әрі пысықтаудамын. Демалыс берген күндерде де өзім үшін дайындыққа барамын. Нағима Есқалиева да қолдау көрсетіп, бар білгенін үйретуде. Әрине, талай шәкіртті жұлдыз еткен тәжірибелі ұстаздың үйренерім көп, – дейді өнерпаз.
Осы жобада Мейрімханға Қазақстанда музыка саласында есімі әйгілі ұстаз Лиза Кабулова вокалдық техникадан дәріс береді екен. Сонымен қатар, Қазақстанның эстрада жұлдыздары Айқын Төлепперген, «Меломен» тобының жігіттері рудныйлық жігітке жақыннан қолдау білдіруде.
«X FACTOR ҚАЗАҚСТАН» музыкалық таланттар шоуының сегізінші маусымы әр сенбі сайнын Қазақстан Республикасының аумағында «Еуразия» телеарнасында көрсетіледі. Рудныйлық әншіні қолдаймыз дегендер 7502 нөміріне «03» санын смс арқылы жіберуі тиіс. Хабарламаның құны 7 теңге. Осы бір жағдайға мән берген жөн, «3» (үш) емес, «03» (нөл үш) санын жіберу керек, кері жағдайда өнерпазға берген даусыңыз қабылданбайды.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив