Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
120
0
19-04-2021, 16:36
159
0
» Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

08.02.21
Автор: magnetit
Просмотров: 572
Комментариев: 0

Қашар аумағындағы су құбырлар жылыту маусымы басталғалы бері бірнеше рет сыр беріп, коммуналдық қызметтер мен кент тұрғындарын біраз алаңдатқан. Биылдың өзінде құбырлар жүйесінде елеулі авариялар орын алып, жергілікті тұрғын үйлер мен өнеркәсіп алаңдарын сумен және жылумен қамтамасыз ету жұмысына қауіп төндірген. Бүгінде бұл мәселені жазға қалдырмай шұғыл шешу үшін «Рудный су арнасы» ЖШС мен «ССКӨБ» АҚ жұмыла кірісіп, тозығы жеткен құбырларды жаңасына ауыстыруды бастады.


 Қашар кентіне берілетін су Рудный қаласындағы сүзгі станциясынан ұзындығы 53 шақырымды құрайтын құбыр желісі арқылы келеді. Мұнда сорғылар станциясына дейін жеткізіліп, сол және оң жақтағы құбыр тармақтары бойынша Қашар кентіне және осы жердегі «ССКӨБ» АҚ-ның өнеркәсіптік алаңдарына тарайды. Мамандардың айтуынша бүгінде тозығы жеткен құбырларға жақын жерден жаңа құбыр желісін тартуға арналған орын қазылып, бұл жұмыстарға «ССКӨБ» АҚ тарапынан экскаватор, бульдозер техникалары жұмылдырылған.
- Полиэтиленнен жасалған жаңа құбырлар тозығы жеткен құбыр желісіне жанама орнатылатын болады. Оның диаметрі 400 миллиметр болса, жалпы ұзындығы 470 метрді құрайды. Бұл жұмыстар қазіргі таңда аса шұғылдылар қатарына жатқызылып отыр. Өйткені биылғы қыста оң жақтағы ескірген құбыр желісі 4 жерінен жарылған. Аварияны жою үшін «Рудный су арнасы» серіктестігіне бірлестік мамандары мен арнайы техникасы көмекке келіп, жарылған құбырларды қазып алу жұмыстары жүргізілді, - деді «Рудный су арнасы» ЖШС директоры Серік Искуженов.
Өткен жылы Қашар кентіндегі құбырлардың бір тармағы түгелдей жаңартылған. Сол себепті кент тұрғындары мен өнеркәсіп алаңдарын сумен қамтамасыз ету құбырлардың осы сол жақтағы тармағы арқылы жүзеге асырылып отыр екен. Қалыптасқан мәселеге қатысты жергілікті атқарушы орган өкілдері, «Рудный су арнасы» серіктестігі мен «ССКӨБ» АҚ мамандарының қатысуымен шұғыл кеңес өткізіліп, бірқатар іс-қимылдар жоспары қабылданды.
- Қашар кентінде бір ғана құбыр желісінің істеп тұрғаны дұрыс емес. Сондықтан шұғыл іс-қимылдар жоспарын қабылдап, «Рудный су арнасы» серіктестігіне техникамен көмектесуді ұйғардық. Бүкіл ERG кәсіпорындары сияқты біздің де бірлестік әлеуметтік бағыт-бағдар ұстанған кәсіпорындардың қатарында. Сондықтан мұндай жағдайларда көмек қолын созуға тырысамыз, - деді «ССКӨБ» АҚ вице-президенті, облыстық маслихат депутаты Ерлан Әлкенов.
Қашар кентіне әкелінген жаңа құбырлар ағымдағы аптаның аяғына дейін толық орнатылатын болады. Сынау және қолданысқа енгізу жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұндағы үйлер мен өнеркәсіп алаңдарына су тарату жаңартылған негізгі және қосалқы құбыр желілері арқылы толық жүзеге асырылатын болады.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив