Жаңа модульдік бөлме-жайССКӨБ-те кен тасымалдаудың тамырына айналған теміржолдардағы бекеттерде кезекші мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеті пойыз өтерде автокөлік жолына бөгет қою, пойыздардың бағытын бақылау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кен тасымалы туралы басшылыққа есеп беріп отыру. Көлік кешеніндегі өткел бойында қысы-жазы отыратын кезекші үшін қолайлы жағдай жаратылды. Енді олар аязды күнде тоңбайтын жылы, жаздың шуақты күнінде шыжғырмайтын салқын орында отырып өз міндетін атқаратын болады. Айта кеткен жөн, бұған дейінгі тұрған ескі бөлме-жай алпысыншы жылдардан бері бекет кезекшілеріне пана болып келген. Модульдік бөлме-жай. Көлік кешеніндегі №6 бағыттық бекетінде орнатылған су жаңа ғимарат осылай аталады. Бірлестіктің инвестициялық бағдарламасы негізінде орнатылған бөлме-жайдың ерекшелігі және заманауилығы кез келгеннің көңілінен шығары сөзсіз. Ол туралы сыртқы көлік учаскесіне қарасты қозғалыс бөлімшесінің бастығы егжей-тегжейлі баяндап берді. Маманның айтуынша мұндай жаңартулар өндіріс қарқынына және қауіпсіздікті арттыруға тікелей септігін тигізеді. Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ |
Реклама



Последние новости
3-02-2023, 15:33
365
0
3-02-2023, 15:08
315
0
30-01-2023, 12:48
1 251
1
30-01-2023, 12:46
1 032
0
30-01-2023, 12:42
1 104
0
Категория: ---
Теги:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем. Комментарии (0)
|
Популярное на сайте
|