Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
180
0
19-04-2021, 16:36
268
0
» Көрнекі жарнама – қала көркі

Көрнекі жарнама – қала көркі

15.02.21
Автор: magnetit
Просмотров: 199
Комментариев: 0

Өткен жылдың желтоқсан айында Рудный қаласында «Тіл тазалығын сақтайық» деген атпен ауқымды акция ұйымдастырылып, қаламыздың бірқатар маңызды нысандарын қамтыды. Жергілікті тілдерді оқыту орталығының мамандарымен қолға алынған акцияның негізгі мақсаты, сауда орындарында ілініп тұрған жазулар мен жарнамалардың, көшелерде ілініп тұрған алып баннерлердің қазақ тіліндегі жазу қателерін жою болып табылады. Мұндай ауқымды жұмысы биылғы 2021 жылы да өз жалғасын тапты.


 «Тіл тазалығын сақтайық» деген атаумен өткен акция рудныйлықтарды мемлекеттік тілдегі сауатсыз көрнекі жарнаманың болмауын қадағалауға арналған болатын. Сол уақыттан бері қате жарнаманы тауып, бізге жолдаған тіл жанашырлары 20-ға таяды. Бұл қала тұрғындарының сыртқы жарнамаға немқұрайлы емес екендігін аңғартты.
Құрылған кестеге сәйкес қаңтар айының 28 жұлдызында да бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тапты. Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Индира Оспанова мен Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Айнұр Ідірісова арнайы рейдтік іс-шарасын ұйымдастырып, Комсомол даңғылының бойында орналасқан «Дастархан», «Орион», «Галина», «Нептун», «Автореал», «LG» сервис орталығы, «Село Лесное», «Роскошь и уют», «Акапулько», «MiniModa», «Best», «Покупочка», «Хит» дүкендері, сондай-ақ «Юнион 2010» ЖШС мониторингтік бақылауға алды.
Сондай-ақ маңдайшаларда кездескен мемлекеттік немесе орыс тіліндегі сауатсыз жазылған жарнамалар туралы мекеме басшылығына ескерту жасалып, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдары қамтылған жадынамалар үлестірілген болатын. Міне, осындай жұмыстардың арқасында, сауатты жазылған жарнамалар көбейіп, ана тілімізде жазылған қате жарнамалардың санын азайту ісіне біраз үлес қосылды десек артық айтпағандық. Ақпан айында да бұл бақылау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.


Айнұр Ідірісова,
Рудный қаласы әкімдігінің
«Қалалық тілдерді оқыту
орталығы» КММ әдіскері
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив