«Аят» 4-ші орындаФутзалдан Қазақстан Чемпионты аясындағы ойындар қайта жанданып, рудныйлық «Аят» мини-футбол командасы ақпанның 7-сінен бастап алғашқы ойындарын өткізді. Жексенбіде өткен бірінші кездесуде жерлестерімізге сәттілік серік болып, ірі есепке қол жеткізген болса, еліміздің азулы командаларының бірі болып саналатын «Қайрат» ойыншыларымен өткен ойында футболшыларымыз жеңіліс тапты. Осы аптаның қорытындысы бойынша «Аят» командасы турнир кестесіндегі 4 орынға жайғасты. Алматы қаласындағы «Нұр-Аман» спорт кешенінде өтіп жатқан чемпионаттың 28-ші тур ойындары аясындағы бірінші кездесуді рудныйлықтар ақтаудың «Каспий» командасымен өткізіп, қарымды шабуылдарын көптеп ұйымдастырды. Айтып өтейік биылғы жылдан бастап «Аят» командасының бапкерлер құрамы ауысып, жерлестерімізді Бразилияның танымал мамандарының бірі Дос Сантос Антонио Вагнер жаттықтыратын болды. Тәжірибелі бапкердің жетекшілігімен өткен биылғы кездесудің 6-шы минутында есеп ашылып, голдың авторы «Аят» шабуылшысы Ерсұлтан Сағындықов атанды. Ойынның бірінші кезеңі бір ғана голмен шектелген болса, екінші кезеңде «Аят» командасының ойыншылары ұтымды тактикасының арқасында ақтаулықтардың қақпасын сан рет шайқалтып, Азат Валиуллин және Джеферсон Жозе мачты 5-0 есебімен қорытындылады. Ерғали Убайдуллаев |
Реклама



Последние новости
19-04-2021, 16:41
163
0
19-04-2021, 16:38
120
0
19-04-2021, 16:36
159
0
19-04-2021, 16:19
153
0
19-04-2021, 16:17
138
0
Категория: ---
Теги:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем. Комментарии (0)
|
Популярное на сайте
|