Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
120
0
19-04-2021, 16:36
159
0
» Жүргізушілерге жеңілдік

Жүргізушілерге жеңілдік

15.02.21
Автор: magnetit
Просмотров: 575
Комментариев: 0

Алдағы сенбіден бастап барлық қазақстандық көлік жүргізушілер үшін жеңілдік жасалатын болады. Елімізде қабылданған жаңа Заңға сәйкес, бұдан былай азаматтарға жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық паспортын тұрақты алып жүру міндеттелмейді. Мұндай ақпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған.


 13 ақпаннан бастап көлік жүргізушілері жол жүру кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатымен ғана жүруіне рұқсат етілетін болады. Жуырда мемлекет басшысы жол жүру мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтыруларды қарастырып, қол қойған болатын. Соған сәйкес көлік жүргізушілеріне қатысты барлық деректер арнайы базаға енгізіліп, құқық қорғаушылармен планшет арқылы тексерілетін болады. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, 2019 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселені көтеріп, жүргізушілерге жеңілдік жасауды тапсырған. Енді жаңа Заңға сәйкес жүргізушілерден жүргізуші куәлігін талап ету міндеттелмей, барлық ақпарат жеке басын куәландыратын құжатымен ғана тексерілмек. Комитет өкілінің сөзінше бұл, заманға сай «сервистік» полицияны дамыту жолындағы маңызды қадам екен.
Айтып өтейік бұдан бұрын жүргізушіден талап етілетін көлік тізгінін басқаруға мүмкіндік беретін құжаттардың бірі болмаған жағдайда ескерту немесе 5 АЕК (13 225 теңге) көлемінде айыппұл салынып келген еді. Сенбіден бастап күшіне енетін жаңа Заңға сәйкес, жүргізуші куәлігі, көлікке арналған техникалық паспорт, сақтандыру полисі және көліктің техникалық тексерістен өткенін растайтын құжат цифрландырылып, арнайы база арқылы немесе «102» байланыс желісі арқылы тексеріледі екен. Ол үшін патрульдік полиция қызметкерлері арнайы планшеттермен қамтамасыз етілмек.
Сондай-ақ, жаңа Заңда көрсетілгендей, егер полиция қызметкері аталған құжаттарды көрсетуді талап ететін болса, кез келген жүргізуші 102 орталығына қоңырау шалып, толтырылған әкімшілік хаттамасына шағым түсіре алады. Десек те ведомство өкілдері мұндай оқиғалардың орын алмайтынына сенімді.
Серік Түсіповтың айтуынша, бұл жеңілдік тек қазақстандық жүргізушілерге ғана жасалып, Қазақстанда тіркелген көліктерге қатысты қолданылады екен. Шетелдік нөмірлері бар көліктер мен шетелдік азаматтар сол қалпынша толық құжаттар жиынтығын алып жүруі тиіс.
Қолға алынып отырған жаңашылдықтың тағы бір ерекшелігі – жүргізушілер алдағы уақытта жеке басын куәландыратын көлігінің электрондық нұсқасын да көрсетуі мүмкін. Дегенмен бұл жаңалық әзірше заң жүзінде енгізілмеген. Сол себепті ведомство өкілдері бұл мәселенің алдағы уақытта қарастырылатынын айтты.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген
Жарасқан Бекназарұлы

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив