Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
22-02-2021, 15:22
369
0
22-02-2021, 15:11
378
0
» Судан тарықтырмас техника

Судан тарықтырмас техника

15.02.21
Автор: magnetit
Просмотров: 854
Комментариев: 0

«ССКӨБ» АҚ пандемияға қарамастан инвестициялық бағдарламаны толық көлемде орындап келеді. Мысалы, жақында кәсіпорынның автопаркі екі шаруашылық техникасымен толықты.


 Бүгінде КамАЗ-43118 базасында орындалған су тасу көліктері көктайғаққа байланысты әзірге Қойма шаруашылығынада тұр. Ауа райы қолайлы қалыпқа келген соң олар Рудныйдан 70 шақырым қашықтықта орналасқан Қоржынкөл кенішіне жол жүреді.
– Қазіргі УРАЛ су тасу техникалары 2007 жылдан бері қолданыста. Шыны керек, 15 жыл ішінде олар әбден тозды. Соңғы жылдары үнемі істен шығып, жөндеуден көз ашпайтын. Енді ескінің орнын су жаңа КаМАЗдар ауыстыратынына қуаныштымыз, – дейді «ССКӨБ» АҚ Автокөлік цехының Қоржынкөл алаңындағы автоколонна жетекшісі Евгений Коханчик.
Маманның айтуынша, жаңа техника бір мезгілде 10 тонна суды тасымалдай алады. Көліктің бірі кеніш пен әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардың қызметкерлерін тіршілік нәрімен қамтамасыз етсе, екіншісі бұрғылау қондырғылары үшін техникалық су тасымақ.
– Цистерна өте сапалы жылу оқшаулағышпен қапталған. Бұл көліктегі су мен қоршаған орта арасындағы температура айырмашылығы 30 градус болған кезде де 10 сағат ішінде су температурасын 2 градустан артық өзгертпейді. Яғни қыста судың қатты мұздап, ал жазда, керісінше, ысып кетпеуіне жол бермейді, – дейді Евгений Владимирович.
Айтпақшы, биыл Қоржынкөл кенішіндегі жұмыстарға екі мердігер компания жұмылдырылып, суға деген сұраныс арта түспек. Сол себепті жаңа техниканың келуі – алда туындауы ықтимал мәселелердің бірін шешуге септескені сөзсіз.


Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив