Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
120
0
19-04-2021, 16:36
159
0
» Жүзушілер жүлдемен оралды

Жүзушілер жүлдемен оралды

22.11.19
Автор: magnetit
Просмотров: 583
Комментариев: 0

Жүзушілер жүлдемен оралды

Қаламыздағы «Горняк» ЖСК-де жүзу секциясына қатысатын жас спортшылар көршілес Ресей жерінде өткен жүзу бойынша жарыстан 31 медальмен оралды. Челябі қаласында ұйымдастырылған ашық турнирге Рудный қаласының атынан 19 спортшы қатысты.


 Челябідегі «Citrus Fitness» деп аталатын жүзуден ашық турнир қарашаның 10-ы күні ұйымдастырылған. Шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды жүзу спортына баулу болып табылады. Сайысқа Рудныйлық «Горняк» командасымен қатар ресейдегі танымал «Citrus Fitness» және «Парк-Сити» клубтары қатысқан. Барлығы 140 спортшы. Жарыс барысында жас жүзушілер еркін стиль, баттерфляй, арқамен жүзу, брасс түрлері бойынша сынға түсті. Олардың қашықтықтары да әртүрлі. Мысалы, еркін стильдің ең үлкен қашықтығы 800 метр болды.

Жарыс 2007-2012 жылы туған жас жүзушілер арасында ұйымдастырылды. Рудныйлық жүзушілерді турнирге апарған бапкерлердің айтуынша, қатысушылардың қатарында мұндай жарыстарға алғаш рет қатысып отырғандар да болды. Олар жүлделі оралмаса да, үлкен тәжірибесін алды, дейді бапкерлер. Десек те, бұл жарыстан рудныйлықтар құр алақан оралған жоқ. Жастарымыз қоржынға 31 медаль салды. Оның 15 медалі алтын болса, күміс және қола жүлделердің саны 8-ден. «Горняк» жастар спорт кешеніндегі бапкерлердің сөзінше, жастарымыздың мұндай жетістігі ең алдымен алып бірлестіктің көрсетіп отырған қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Өйткені, «ССКӨБ» АҚ өндірісті ұлғайтып, қаланы көркейту, әлеуметтік мәселелермен қатар, спорт саласына да үлкен көңіл бөлуде. Бірлестікте еңбек ететін жұмысшылармен бірге олардың балалары да спорт кешеніне жиі келіп, түрлі спорттық секцияларға қатысады. Ресейде өткен жарыста жеңімпаз атанған жастарымыз алдағы уақытта да осындай турнирлерден үлкен жеңіспен оралуға ниетті. Ол үшін барлық жағдайлар жасалған. Заманауи спорт кешені мен бірлестіктің қолдауы жеңістің кепілі дейді.


Ерғали УБАЙДУЛЛАЕВ


Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив