Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
Вчера, 17:59
21
0
Вчера, 17:55
10
0
» Елін сүйген Елбасы

Елін сүйген Елбасы

06.12.19
Автор: magnetit
Просмотров: 1 196
Комментариев: 0

Елін сүйген Елбасы

Бірінші желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні аталып өтті. Осы күн қарсаңында өңірлерде салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, оның барысында ел азаматтары Нұрсұлтан Назарбаевтың кешегі Кеңес Одағынан шыққан мемлекетті бүгінгі жарқын Қазақстанға айналдырған саяси жолын тілге тиек етіліп, еңбегін жоғары бағалады.


1991 жылы Кеңес Одағы ыдыраған тұста өз егемендігін жариялаған Қазақстан мемлекеті құрылды. Бірінші желтоқсанда бой түзеп келе жатқан мемлекетті сайлаушылардың 99% дауысын жинаған Нұрсұлтан Назарбаев басқарды. Тәуелсіздікте өткен 20 жылдан кейін дәл осы бірінші желтоқсан- Елбасының ерен еңбегін тану мақсатында «Тұңғыш Президент күні» болып белгіленді. Нұрсұлтан Назарбаев елді басқарған кезде мемлекеттік шекаралар белгіленді және ұлттық валюта енгізілді, елдің жаңа астанасы салынды. Қазақстан экономиканың даму деңгейі бойынша алғашқы 50 елдің қатарына енді.
Рудный қалалық әкімдігінде мерекелік күнге орайластырылған салтанатты жиналыс барысында, Елбасының мемлекет болашағы үшін қабылдаған шешімдерінің ұтымдылығы көрсетіліп, түрлі Жолдаулары еліміздің, жеріміздің, тіпті Рудный қаласының дамуының ажырамас бөлігі екені де атап өтілді.
– Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Халқы ғасырлар бойы армандаған бостандыққа қол жеткізді. Еліміз бүгінге дейінгі егемендік тарихында алға қойылған мақсаттардың маңыздылығы мен терең мәнге ие екеніне көз жеткізді. Елімізде тойланып отырған бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екені айдан анық. Жалпы елдің іргетасын қалаған тұлғаларды ардақтау, олардың билікке келген күнін ұлттық мейрам ретінде атап өту – өркениетті елдердегі дәстүр болып саналады, – деді қала әкімі Бақытжан Ғаязов.
Жиналыс барысында баяндамашылар Елбасының таңдаған көпсалалы ішкі саяси бағыты біздің қаламыздың дамуына, партиялық, білім беру, әлеуметтік немесе басқа да салалардың дамуына қалай әсер ететінін сипаттады.
– Үстіміздегі жылдың 25-қарашасында бүкіл Қазақстан бойылап партия өкілдерімен біргелікте маған да Елбасымен кездесу мүмкіндігі бұйырды. Бұл жолы «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық аймақтық, аудандық, ауылдық филиалдағы партия өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында Елбасы нақты бағыт-бағдар берді. Елдің даму жолындағы бастамаларда бірігудің маңызы зор екеніне ерекше көңіл бөлді. Олар Қазақстанның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Ауыл ел бесігі» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар болды, – дейді «Nur Otan» партиясының Рудный қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Ысқақов.
Баяндамашылардың сөз сөйлеулері аяқталғаннан кейін әр түрлі салалардағы ерен еңбегі үшін қала тұрғындары марапатталды. Әкімнің Құрмет грамотасына ие болғандар қатарында тау-кен өндірісіндегі қырық жылдық еңбек жолы бағаланған Ришат Богданов та бар.
– Еңбегімізді бағалағаны өте жақсы. Комбинатта өткен жылдарым бекер кетпеді деген сөз. Жұмысым менің екінші өмірім. Себебі, осынша жыл ішінде жұмыс орның және ол жердегі әріптестерің туғаныңдай болып кетеді, – деді «ССКӨБ» АҚ КДБФ негізгі өндіріс бригадирі Ришат Богданов.
Айта кету керек, өнеркәсіптік сала – Қазақстан үшін өте маңызды. Бүгінде оған елдің ішкі жалпы өнімнің үштен бірі тиесілі. Президент сондай-ақ бұл салаға ССКӨБ акционерлік қоғамы елеулі үлес қосатынын атап өткен. Елбасы кәсіпорынға бірнеше рет жұмыс сапарымен келіп, өркендеген кезеңде де, дағдарыс кезінде де еңбек ұжымымен кездесіп отырды. Оның басшылығында ССКӨБ-тегі металл илектеу зауыты, сондай-ақ жылу электр орталығының 6-шы энергоблогы іске қосылды. Сонымен қоса Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге ұйымдастырылған телекөпір жобасында Қашар алаңындағы «Модулар» жүйесі іске қосылған болатын. Тіпті кеншілер өзінің 60 жылдық мерейтойын тойлағанда арнайы қонақ болған Елбасы былай деген болатын:
– «ССКӨБ» АҚ тарихы – бірінші кезекте кеншілер дәстүрін сақтап тұрған осы жердегі адамдардың тарихы. Кеңес Одағы мен мелекетіміздің эканомикалық байланыстары үзіліп, қиын кезеңді бастан кешсек те жаңа егемен Қазақстанның іргесін қалау кезінде біз сіздермен бірге қиын жолдарды басып өттік!
Осы жылдың басында Мемлекет басшысы қызметінен кетер алдында Қазақстан халқына бірнеше жолдауларды жариялады, онда ел азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аппарат қандай қадамдар жасауы тиіс екенін егжей-тегжейлі баяндап берді. Бүгінде Елбасының таңдаған саяси бағыты сабақтастыққа ие болды деп сеніммен айтуға болады, яғни оның мақсаттары мен Қазақстанды әлемнің жетекші мемлекеттерінің біріне айналдыру туралы идеялары өз жалғасын таба бермек.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ


Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив