Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
22-02-2021, 15:22
369
0
22-02-2021, 15:11
378
0
» Жауынгерлерге құрмет – ұрпаққа міндет!

Жауынгерлерге құрмет – ұрпаққа міндет!

22.02.21
Автор: magnetit
Просмотров: 357
Комментариев: 0

15 ақпан Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер үшін маңызды күн. Осыдан 32 жыл бұрын Кеңес үкіметі он жылға созылған соғысты аяқтап, Ауған жерінен өз әскерін шығарды. Жыл сайын дәл осы күні соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгерлер бас қосып, қан майданда қаза тапқан қарулас достарын еске алып, мемориал тақтасына гүл шоқтарын қояды. Жылдар бойы көптеген іс-шаралармен атап өтілетін еске алу күні, биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты гүл шоқтарын қойып, тарихи-өлкетану мұражайында ұйымдастырылған көрмемен ғана шектелді.



Бұл күні қаладағы интерна-ционалист-жауынгерлерге арналған мемориалды ескерт-кіштің алды гүл шоқтарына толы болды. Ресми деректерге сүйенсек, 1979 жылдан бастап 1989 жылға дейін созылған сұрапыл соғысқа 22 мың қазақстандық қатысқан. Кеншілер қаласынан Ауған жерін

е 239 ер азамат пен 7 әйел аттанған болса, 5 жауынгер қан майданнан оралмаған.


 – Рудный қаласында бүгінгі күні Ауған соғысының 31 ардагері тұрып жатыр. Сондай-ақ «Шурави» қоғамдық бірлестігі де бар. Эпидемиологиялық жағдайларға байланысты биылғы еске алу күнін ауқымды іс-шаралармен атап өтпесек те, мемориалды ескерткіштің алдына гүл шоқтарын қоюға рұқсат етілді. Бұдан бөлек, интернационалист-жауынгерлерге арнап жергілікті тарихи-өлкетану мұражайында арнайы танымдық көрмесін ұйымдастырдық, – деді Рудный қ. әкімінің орынбасары Елена Скаредина.
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай ұйымдастырылған арнайы көрмеде қан майданда күрескен жауынгерлердің жеке заттары, құжаттары мен наградалары жұрт назарына ұсынылған. Сондай-ақ жерлестеріміздің туған-туыстарына жазған хаттарымен және сол жылдары түсірілген фотосуреттермен танысуға болады.
Әртүрлі деректер бойынша бұл қанды соғыста 600 мыңнан 2 миллион адамға дейін қаза болған екен. Елімізге оралған жауынгерлердің саны 18 мың адамды құрайды. Сұрапыл соғыс өрімдей жастардың жастығын ұрлап, жандарын жаралағаны рас. Ал ерлікті ұлықтау, насихаттап, құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың парызы.


Ерғали Убайдуллаев
Сурет жеке мұрағаттан алынды

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив