Дуалды оқытудың келешегі зорҚазақстанда биылғы жылдан бастап студенттердің кәсіптік практикадан өту уақыты еңбек өтіліне кіретін болды. Мұндай мүмкіндік 2016 жылдан бері қолға алынған дуалды оқыту жүйесі аясында пайда болып отыр. Қостанай облысындағы кәсіптік білім беру ұйымдары оқытудың бұл тәсілін алғашқылардың бірі болып енгізіп, жергілікті кәсіпорындармен ынтымақтастықтарын нығайтып келеді. Рудный құрылыс және көлік колледжінде өткен директорлар кеңесінде, жиналған қонақтар осы жүйеге қатысты маңызды мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты. Дуалды оқыту дегеніміз – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Бүгінгі күні бұл жүйе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кезең-кезеңімен енгізіліп, білім алушы үшін теорияны меңгерумен қатар кәсіпорындардың қабырғасында жұмыстың қыр-сырын үйренуге мүмкіндік береді. Қостанай облысында техникалық және кәсіптік білім беретін 34 колледж бар, соның 25 – мемлекеттік болса, қалғандары жеке меншік колледждер. Үш айда бір рет білім ордаларының басшылары арнайы кеңес өткізіп, білім берудің маңызды мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасады. Рудный құрылыс және көлік колледжінде өткен биылғы кеңестің негізгі тақырыбы да осы дуалды оқытуға арналған. – Жылдан жылға дуалды оқытуға қосылған колледждер саны артып, түлектерді қабылдауға ниетті кәсіпорындар қатары ұлғайып келеді. Соңғы кездері өңірдегі ірі кәсіпорындар белсенді болуда. Сондықтан биылғы кеңеске жергілікті әкімдік пен кәсіпорын өкілдерін шақырдық, - деді облыстық білім басқармасының ТжКБ бойынша әдістемелік кабинет басшысының орынбасары Марал Боқаева. Ерғали Убайдуллаев |
Реклама



Последние новости
22-02-2021, 15:22
369
0
22-02-2021, 15:20
313
0
22-02-2021, 15:17
382
0
22-02-2021, 15:11
378
0
22-02-2021, 15:07
360
0
Категория: ---
Теги:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем. Комментарии (0)
|
Популярное на сайте
|