Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
22-02-2021, 15:22
369
0
22-02-2021, 15:11
378
0
» Талаптыға нұр жауар

Талаптыға нұр жауар

22.02.21
Автор: magnetit
Просмотров: 400
Комментариев: 0

Бірлестікте өндіріс қарқынын арттыратын талабың болса биікке самғайсың. Тіпті мәнсап жолында көтеріле беруге де мүмкіндігің бар. Шекемтас өндіру цехының ауысым бастығы Мұхаметқали Шегенов бұған жарқын мысал. Жас болса да өмірлік жолын өнеге етердей еңбек еткен. Соның арқасында бірнеше марапаттарға да ие болған.


 Шекемтас өндіру цехының күйдіру учаскесіне 2009 жылы агломератчик болып жұмысқа келген Мұхаметқали Шегенов алғаш тәлімгер болғанын айтады. Әрі қарай тәжірибесін арттыра келіп, бригадирлік кезінде өндіріс шеберінің де жұмысын уақытша атқарып жүрген. Жоғары оқу орнында білімін жетілдірген жас маман бүгінгі таңда күйдіру учаскесінің ауысым бастығы болып қызмет атқаруда.
– Негізі заңгерлік бойынша жоғары оқу орнын оқығанмын. Өз мамандығым бойынша тұщымды жұмыс болмаған соң, мені ағаларым Рудныйға шақырды. ССКӨБ туралы алдыннан білетінмін. Өндіріс бағытындағы білімді тәлімгер ретінде игердім. Жылдар өте мәнсап жолында бірте-бірте өсе бастадым. Бірлестіктегі мүмкіндіктердің бірін пайдаланып, «50/50» бағдарламасымен 2011-2015 жылдары РИИ-де кенші мамандығы бойынша сырттай білімімді жетілдірдім, – дейді Мұхаметқали Шындәулетұлы.
Ауысым бастығының қарамағында 38 адам жұмыс істейді. Олар операторлар, агломератчиктер, көрікшілер, сорғы қондырғысы мен кран машинистері. Түрлі бағыттағы мамандықтарды үйлестіріп, өндіріс үдерісіне үлес қосып отырған кейіпкеріміз өндіріс пен техникалардың дұрыс жұмыс істеуін бақылайды, қауіпсіздік пен тоқтаусыз өндірісті қадағалап, тосыннан шығатын ділгірлі мәселелерге тез шешім тауып отырады.
– Құрдастарым бірінші игерген заңгерлік мамандығым бойынша әлі күнге дейін тәртіп сақшылары қатарына шақырып келеді. Дегенмен, мен өз орнымды тапқан адаммын. Жұмысым қызықты әрі жаныма жақын. ССКӨБ-те алға қарай ұмтыла беруге мүмкіндік көп. Ал, басшылықтың қамқорлығы бір бөлек. РИИ-де оқыған кезімде төлейтін қаражаттың жартысын бірлестік өтеп бергеннен бөлек, басшылар әр сессия кезінде алған бағаларымды қадағалап отыратын еді, – дейді Мұхаметқали Шегенов.
Қамқорлыққа қарымды жауап беруді көздеген ауысым бастығы өндіріс қарқынын арттыратын бірнеше идеяларды ұсынған. «Идеялар фабрикасы» жобасы арқылы ұсыныстары басшылықтың назарына ілініп, бірнеше рет марапаттарға да ие болыпты.
– Бізде кейде электр тогы үзілсе сорғылардың жұмысы тоқтап қалады. Ол өндірісті бәсеңдетері сөзсіз. Сондай сәтте сорғыларды қайта жұмысқа қосатын қосымша дизельді қозғалтқыш орнатуды ұсынған едім, идеям жүзеге асты. Одан бөлек учаскедегі жөндеу жұмыстары жүргізілгенде технологтар өте тар жерлерді арлауына тура келеді. Тіпті кеудесі сыймағандықтан балаша еңбектеп жүретін кездері де болады. Аяқтың ауырып қалуы және жарақат алуының алдын алу мақсатында «тізеқорғағышты» қолдануды ұсындым. Идеям сәтті болып, қолданысқа енгізілді және мені ынталандыру мақсатында марапаттады. Әрі қарай бірнеше идеялар ойымда бар. Алдағы уақытта оларды да жүзеге асыруға ниеттімін, – дейді ауысым бастығы.
Мұхаметқали Шындәулетұлы құрмет тақтасында үздік жұмысшылар қатарынан да көрінген. Алда талай асуларды бағындыруды көздеген маманның мақсаты айқын, жоспары салмақты, бағыты жарқын, болашағы сенімді!


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив