Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
22-02-2021, 15:22
369
0
22-02-2021, 15:11
378
0
» Жоспарлы жөндеу жүргізілді

Жоспарлы жөндеу жүргізілді

22.02.21
Автор: magnetit
Просмотров: 333
Комментариев: 0

ССКӨБ-тің шекемтас өндіру цехында шекемтасты күйдіретін 8 күйдіру машинасы бар. Олардың әрбірі екі ай сайын жоспарлы жөндеу үшін тоқтатылады. Жөндеу уақыты күйдіру машинасының жарамдылығына қарап белгіленеді. 


 – Соңғы жөндеуден өткен №3 күйдіру машинасын қалыпқа келтіруге 84 сағат уақыт жұмсалды. Негізінен тарту-үрлеу қондырғысы, яғни желдеткіші жөнделді. Сонымен қатар бірнеше бөлшектері қалыпқа келтіріліп, күйдіру арбасы алмастырылды. Негізгі мақсатымыз өндіріс сапасын арттыру және күйдіру машинасының жұмысын жақсарту болды, – дейді «ССКӨБ» АҚ ШӨЦ күйдіру учаскесінің технологы Раушанбек Адамбаев.
Бірлестіктің технологиялық жабдықтарын жөндеу басқармасы мұрындық болған жөндеу жұмысы қосымша мердігерлердің көмегімен де жүргізілген. Сонымен қатар учаске жұмысшылары да жақыннан қолқанат болыпты. Жалпы 40-қа жуық адам ауысымдарға бөлініп, жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтаған.
Қазіргі таңда учаскеде 8 күйдіру машинасы да тоқтаусыз жұмыс істеп тұр, – дейді учаске технологы. – Біздегі алдын ала түзілген жоспарға сәйкес жөндеу кезінде өндіріс қарқыны бәсеңдемейді. Күйдіру машиналарының барлығы істеп тұрған сәтте өнімділікті одан әрі арттырып отырамыз.
Алдағы уақытта №1 күйдіру машинасын жөндеу жоспарда тұр. Оны 132 сағатта аяқтау көзделген.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив