Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Өндірістің жас үздігі

Өндірістің жас үздігі

13.12.19
Автор: magnetit
Просмотров: 1 396
Комментариев: 0

Өндірістің жас үздігі

Нұр-Сұлтан қаласында еліміздегі еңбек әулеттері мен өндіріс жұмысшылары арасында «Еңбек жолы» атты жыл сайынғы республикалық конкурс жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі болып өтті. Марапатталғандардың арасында «ССКӨБ» АҚ жұмысшысы Владимир Самодуров та бар.


 Владимир Самодуров 2015 жылға дейін РИИ-да көлік, көліктік техника және технология мамандығы бойынша білім алған. Оқып жүрген кезінде футбол, жеңіл атлетикамен шұғылданып, спорт саласындағы жетістіктері үшін бірнеше алғыс хаттармен марапатталған. Оқу орнын тәмамдағаннан кейін әскери борышын өтеген, содан тау-кен кәсіпорнымен еңбек шартын жасап, құрал-сайманшы слесарь болып еңбек етіп, тәжірибе жинаған. Біліктілігін арттырған жас маман өткізу инженерінің міндетін атқарып, ЛжҚШБ шебері лауазымына дейін көтеріліпті. Мұның сыртында  Владимир жеңіл атлетика және мини футбол бойынша бірлестік құрамасына кіреді екен. ІІ ERG спартакиадасында 100 метр қашықтыққа жүгіруден 1-орынды иеленген. Жұмысын сапалы және жауапты орындағаны үшін ЖМЗ басшылығының алғыс хаттарымен марапатталып, үлгілі жұмысшы ретінде құрмет тақтасындағы тізімді толықтырған. Осындай жетістіктерінің арқасында басқарма басшылығы оның кандидатурасын республикалық «Еңбек жолы» конкурсына ұсынған.

Естеріңізге салып өтейік, өндіріс жұмысшылары мен еңбек әулеттері арасында өтетін «Еңбек жолы»  кең ауқымды байқауы 2016 жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру бойынша идеяларын жүзеге асыру мақсатында өткізіле бастады. Оның негізгі идеясы – еңбек адамдары жайлы қоғамның позитивті пікірін қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау болып табылады.


 

Ерғали УБАЙДУЛЛАЕВ

Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив