Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
180
0
19-04-2021, 16:36
268
0
» Шаттыққа толы мереке

Шаттыққа толы мереке

09.01.20
Автор: magnetit
Просмотров: 697
Комментариев: 0

Шаттыққа толы мереке


2019 жыл Еуразиялық Топ үшін өте маңызды болды. Әсіресе, жыл соңында 25-жылдық еңбектің маңызды мерекесі аталып өтті. Соңғы онжылдыққа назар салсақ, ERG тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде көптеген бастамалардың басында болды. Еуразиялық Топ өзіндік бірегей құндылықтарын белгілеп алды. Қауіпсіздік, бірлік, белсенділік, өркендеу, жауапкершілік – Топтың 25 жыл ішінде ұстанған негізгі бағытына айналды. Кез келген шешімді осы қасиеттерге сүйене отырып қабылдады.
Жаңа жыл мерекесімен әріптестерін құттықтаған Еуразиялық Топтың Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка былай деді:
– Компания «Цифрлық трансформация көшбасшысы» аталымында SAP сыйлығына ие болды. Ұлттық «Парыз» байқауында ERG елдегі ең әлеуметтік жауапты компания деп танылды. Қазақстандағы өндірістік компаниялардың арасында қоршаған ортаны қорғау мен жұмыс орындарында орнықты даму талаптарын сақтауды қамтамасыз ету бағытында жасаған жұмыстары үшін ERG бірінші болып «Жасыл кеңсе» байқауында жеңіске жетті. Осының барлығына әрбір қызметкеріміздің өз жұмысына деген адалдығының арқасында қол жеткізіп отырмыз.
Ал, «Еуразиялық Топ» ЖШС басқарма Төрағасы Серік Шахажанов:
– ERG үшін 2019 жыл көптеген өзгерістерге толы болды. Біз ERG Way деп аталатын өндірістік жүйені іске қостық және ССКӨБ-те, Ақсу мен Ақтөбедегі ферроқорытпа зауыттарында пилоттық жоба арнайы сынақтан өтіп, ұтымдылығын көрсетті. Енді алдағы онжылдықта жаңа бастамаларымыз өндіріс қарқынын арттырып, жақсы нәтиже беретініне сенімдіміз, – деп келешек өзгерістерді тілге тиек етті.
ERG құрамындағы алып кәсіпорын «ССКӨБ» АҚ да шаттыққа толы мерекеде бірталай іс-шараларды қолға алды. Атап айтар болсақ, Рудный қаласындағы ҰОС ардагерлерін үйіне барып мерекемен құттықтап, сый-сияпатын табыстады. Сонымен қатар, балалар үйі тәрбиеленушілерінің Аяз атаға жазған хаттарын алып, олардың тілектерін артығымен орындап берді. Жаңа жыл кірер түнде ауысымға шыққан қызметкерлерін ССКӨБ әкімшілігі және кәсіподақ ұйымы арнайы жұмыс орнына барып құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Бірлестік қызметкерлері балаларының басын қосып, шырша мерекесін ұйымдастырып, біреуін де сыйлықсыз қалдырмағаны – ең маңызды шара болды.

Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Суреттер жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив