Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
22-02-2021, 15:22
369
0
22-02-2021, 15:11
378
0
» Шаттыққа толы шара

Шаттыққа толы шара

17.01.20
Автор: magnetit
Просмотров: 496
Комментариев: 0

Шаттыққа толы шара


Бөлімше әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы жыл сайынғы дәстүрінен таймай, өз қызметкерлерінің балаларына шырша мерекесін ұйымдастырып, түрлі мульт-фильм кейіпкерлерін шақырып, ойын-сауықпен бүлдіршіндерге шаттық сыйлады. Бөлімше қызметкерлерінің балалары түрлі ойын-сауыққа қатысып, көңіл көтерді. Арнайы шақырылған мультфильм кейіпкерлері өздерінің дайындаған қызықты бағдарламаларымен балаларға шаттық сыйлады. Өз қызметі барысында 19-шы рет осындай шараның куәсі әрі ұйымдастырушысы болып отырған осы бөлімшенің кәсіподақ ұйымы төрағасы Владимир Баландин белсенділік танытқан балаларға және ата-аналарға дән риза.
– Балалар біздің комбинатымызға бауыр басып, өскенде жақсы маман иесі болып, бірлестікке жұмысқа келіп, ізімізді жалғаса – біздің басты мақсатымыздың орындалғаны. Мерекелік шарамен қатар балаларға сурет сызу тапсырмасы берілген. Биыл 74 керемет шығармашылық жұмыстарды қабылдап алдық. Балалардың ынтасына және ата-аналардың белсенділігіне ризамыз, – Владимир Баландин.
Теміржол көлігі цехы жыл сайын айтулы мереклерге балаларды қатыстырып отырады. Бүлдіршіндердің шығармашылығын дамыту мақсатында оларға сурет салуға тапсырма берілді. Тек жаңа жылда ғана емес, «Балаларды қорғау» күнінде, теміржолшылар мерекесінде, еңбек қауіпсіздігі секілді маңызды күндерде балалар өз суреттерімен цехтағы шараларға қатысады. Жаңа жылдық меркеде елуге жуық балаға түрлі суреттерді бөлімшеге тарту еткені үшін алғыс білдіріліп, дастарқан жайылды, тіл үйіретін тәттілер таратылды.

Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген Виктор НАЗАРОВСКИЙ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив