Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Жөндеуші болу жауапты іс

Жөндеуші болу жауапты іс

28.02.21
Автор: magnetit
Просмотров: 1 276
Комментариев: 0

«ССКӨБ» АҚ кеніштеріндегі жұмыс процесіне алып техникалардың алуан түрлері жұмылдырылған. Біреулері сыйымдылығы жоғары шөмішімен кен қазатын болса, тағы біреулері құрамынан темір концентраты алынатын құнды кенді жоғарыға тасымалдайды. Техниканың барлығы үздіксіз жұмыс істеп тұрса, бірлестіктің өндірістік жоспары орындалып, кәсіпорынның дамып-өркендеуі ойдағыдай жүретіні белгілі. Мақаламыздың бүгінгі кейіпкері Медет Қосжанов, кеніштегі осындай техникалардың қалыпты жұмысын қамтамасыз етіп жүрген жұмысшылардың бірі.


Медет Ертайұлының «ССКӨБ» қатарына қосылғанына биыл 10 жыл толып отыр. Сарыбай кенішінде кен қазатын экскаваторларды жөндейтін бригада құрамында слесарь-жөндеуші болып еңбек ететін ол, бұл мамандықты туған жері Өзбекстан Республикасының Үшқұдық шахарында игерген. Сол жердегі жастардың көпшілігі сияқты кейіпкеріміз жергілікті орта кәсіптік оқу орнына түсіп, еңбек жолын қаладағы ірі өндіріс орындарының бірінде бастаған. Жанындағы тәжірибелі мамандардың арқасында Медет Ертайұлы бұл мамандықтың қыр-сырын жетік меңгеріп алғанын айтты.

- 2007 жылы жанұямызбен кеншілер қаласына көшіп келгеннен кейін, Рудный индустриялық колледжге оқуға түстім. 2011 жылы «Тау-кен ісі» бойынша білім алып шықтым. Сол жылдың мамыр айында «ССКӨБ» АҚ-на келіп Технологиялық жабдықтарды жөндеу басқармасының Сарыбай кенішіндегі алдын ала жоспарлы жөндеу бөліміне орналастым. Жұмысқа келгенде алдымен басшылықтан наряд-тапсырмасын алып, қажетті құралдарымыз бен жөндеуге қажетті бөлшектерді түзеп аламыз. Сарыбай кенішінде техниканың алуан түрлері бар. Біздің бригада алып экскаваторларға қызмет көрсетеді. Мұндай техника жоспарға сәйкес мерзімді жөндеуден өткізілуі тиіс. Бұл, олардың ұзақ уақытқа тоқтап қалмай, бұдан әрі қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, - деді Медет Қосжанов.

Жас маманның айтуынша жөндеу жұмыстары техниканың көлеміне байланысты кеніштегі жөндеу алаңында жүргізіледі екен. Алдымен жөндеуге тоқтатылған экскаватор қауіпсіздік ережелеріне сәйкес қоршалып, жұмысшылар бригадасы берілген тапсырманы орындауға кіріседі.

- Негізгі мамандығыммен қоса экскаваторларға қажетті бөлшектерді кранмен көтеру процесін қадағалайтын жүк ілдіруші міндетін де атқарамын. Бір айда 4-5 экскаваторды жоспарлы жөндеуден өткізетін болсақ, бір экскаваторды қалыпқа келтіруге 5 күндей уақыт жұмсаймыз. Жөндеу жұмысы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Экскаваторларды неғұрлым ертерек қалыпқа келтірсек, соғұрлым өндірілетін кен көлемі артып, өндіріс жоспары орындалады.

Медеттің осындай тиянақты жұмысы басшылықтың көңілінен шығып, кейіпкеріміз жақында өзі еңбек ететін Технологиялық жабдықтарды жөндеу басқармасының «Құрмет тақтасына» ілікті. Бұндай құрметті жас маман 10 жылдық еңбегінің жемісі деп біледі.

Жұмыстан бос уақытын Медет Ертайұлы жанұясымен, ағайын-бауырларымен өткізуді ұнатады. Әли және Рауза есімді бүлдіршіндердің әкесі алдағы уақытта жоғары білім иесі атануды да көздеп отыр. Ендеше кейіпкеріміздің асқақ арманы орындалып, мәнсап баспалдағы бойынша көтеріліп, өз ісінің майталманы болуына тілектеспіз!


Ерғали Убайдуллаев

Суретті түсірген Елена Артемова

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив