Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
22-02-2021, 15:22
369
0
22-02-2021, 15:11
378
0
» Жерлесіміз жеңіс тұғырында

Жерлесіміз жеңіс тұғырында

17.01.20
Автор: magnetit
Просмотров: 509
Комментариев: 0

Жерлесіміз жеңіс тұғырында


Семейде республикалық самбо жарысы өз мәресіне жетті. Қазақ тарихында қалған қолбасшы Қаракерей Қабанбай батырды еске алуға арналған бұл дәстүрлі турнир 20-шы рет өткізіліп отыр. Оған Қазақстанның 13 аймағынан 326 балуан қатысқан.
Жеке жарыста Қостанай 11 жүлдені жеңіп алды, оның ішінде екі бірінші орын, үш екінші және алты үшінші орын бар. Қостанай облыстық полиция бөлімінің қызметкері Әлібек Темірбаев пен Рудныйдағы «ССКӨБ» акционерлік қоғамының тау-кен жұмысшысы Талғат Жиентаев екеуі қаракерей Қабанбай батыр турнирінің 20-шы кубогының жеңімпазы атанды. Екі спортшы да Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.
– Бұл жарысқа дейін өткен жылдың 29 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Бірінші Президент күніне арналған әлем кубогында жеңімпазы атандым. Ал, сол жылдың желтоқсан айының басында Қарағанды қаласында қаһарман - ұшқыш Нұркен Әбдіровті еске алуға арналған еркін күрестен республикалық турнирде спорт шебері нормативін орындадым. Содан кейін 20-24 желтоқсан аралығында Семейдегі турнирге бардық. Қостанай облысы бойынша 30 адам болды, онда 100 келіден жоғары салмақта күрестім, – дейді «ССКӨБ» АҚ қызметкері Талғат Жиентаев.
Рудныйлық спортшы күрестің жеке және командалық түрлері бойынша үш-үштен алты рет күресіп, бірде бір рет жауырыны жерге тимеген. Сондай-ақ Талғат жауынгерлік самбо бойынша да Қостанай құрамасының командалық есепте бірінші орынды иелегенін айтты.
– Осы жылы күрестен әлем чемпионы болуды алдыма мақсат етіп қойдым. Ол үшін мықты дайындалу керек. Республикалық біріншілікті жеңсем, әрі қарай әлемдік сайыстарға жол ашылады. Осындай жарыстарда үнемі қолдау көрсетіп отыратын «ССКӨБ» АҚ президенті Мұхаметқалиев Береке Сағатұлына алғыс білдіремін. Алдағы уақытта ССКӨБ-тің, қаламыздың, мүмкіндік туса, еліміздің намысын қорғауға бар күш-жігерімді салуға дайынмын, - дейді чемпионымыз.
Қазіргі таңда Талғат Жиентаев қаламызда 18 қаңтарда өтетін «ERG барысының» іріктеу жарысына дайындық үстінде. Алдағы уақытта жерлесімізге тек қана жеңіс тілейміз.

Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив