Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
22-02-2021, 15:22
369
0
22-02-2021, 15:11
378
0
» Тағылымы мол экскурсия

Тағылымы мол экскурсия

27.01.20
Автор: magnetit
Просмотров: 492
Комментариев: 0

Тағылымы мол экскурсия


Елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білу. Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасы осыған үндейді. Туып өскен өлкеге еңбегімен елеулі болған азаматтар аз емес. Олар туған жерге, туған елге қызмет етудің бірегей жолы - адал еңбек деп біледі. Сондай қазақ халқының біртуар перзенттерінің бірі, даңқты жерлесіміз, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Рудный қаласының Құрметті азаматы Досмағұл Есләмұлы Сүймековтың биыл сәуір айында 80-жылдығы.
Айтулы күн қарсанында Рудный қалалық мемлекеттік архивінің мамандары қаламыздағы № 19 орта мектебінің 5 «ә» сынып оқушыларына «Еңбегі ерен асыл ер» атты тақырыптық экскурсия өткізді. Ол архивте мемлекеттік сақтаудағы Досмағұл Есләмұлының жеке тектік құжаттарын көрсетіп-таныстыру арқылы өткізілді.
Экскурсия барысында архив мамандары оқушыларға Досмағұл Есләмұлының өмір жолына, атқарған қызметіне алған жетістіктеріне – педагогикалық еңбек ардагері, педагогикалық кадрлар дайындаудағы жетістіктері үшін және Досмағұл Есләмұлы көптеген жылдар бойы тізгінін ұстап келген колледжге есімі берілген ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің идеяларын дәріптеп, оқу-ағарту ісіне кеңінен енгізгені үшін «Ыбырай Алтынсарин» атындағы медальмен марапатталғаны туралы айтып өтті. Сондай-ақ, оқушылар архивтегі бейнеқұжаттар қорына қабылданған Досмағұл Есләмұлы туралы түсірілген «Колледж – наша судьба» бейнефильмінен үзінді тамашалады.
Бір жылға жоспар құрсаң,
егін ек,
Жүз жылға жоспар құрсаң,
ағаш ек,
Болашаққа жоспар құрсаң,
баланы тәрбиеле,
деп шығыс нақылында айтылғандай, жас ұрпақты патриоттық тәрбие негізінде тәрбиелеуде тақырыптық экскурсиялардың берері мол.



Гүлжазира Әбішева,
Рудный қалалық мемлекеттік
архивінің қызметкері
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив