Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Ұлы Абайдың мерейтойы

Ұлы Абайдың мерейтойы

27.01.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 416
Комментариев: 0

Ұлы Абайдың мерейтойы


«Қазақ халқы-Абайдың халқы» атты мерекелік концертті ұйымдастырушылардың Абай мұраларын толық қамтуға және насихаттауға ұмтылғаны бірден байқалды. Мерекенің басында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова: «Қазіргі таңда еліміздің алдында биік мақсаттар тұр. Мемлекетімізде саяси, экономикалық, әлеуметтік саладағы жаңғыру жүзеге асырылып жатыр. Осы орайда Абайдың ой-толғамдары бізге нақты бағыт-бағдар береді. Оның асыл сөздерінен асқан құндылық жоқ.Елбасымыз айтқандай, «Абай армандары-тек бір ғана ұлт емес,күллі адамзат ұстанатын мұраттар». Сондықтан, ұлы ойшылдың ілімін терең зерделеп, жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне пайдалануымыз керек», – деді.
Ел руханиятының еңсесін көтеретін елеулі шараға ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері, абайтанушы ғалымдар қатынасты. ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтетін Абай Құнанбайұлының мерейтойы алдағы күзде осы ұйымның штаб-пәтері орналасқан Париж қаласында ғылыми-конференция, концерттер мен көрме, кино көрсетілімдер арқылы өз жалғасын табатын болады. Концерт бағдарламасында өнер көрсеткен Қазақстанның халық әртістері Асанәлі Әшімов, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, белгілі мәдениет қайраткерлері Айман Мұсаходжаева, Майра Мұхамедқызы, Берік Айтжанов және тағы басқа халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары мен талантты жастар көрермен көңілінен шықты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абайдың өмірімен байланыстытарихи орындар толық жаңғыртудан өтеді, «Абай» телесериалы түсіріледі, Жидебайда «Абай әлемі» атты музей салынады. Қазақ тарихындағы киелі өңір саналатын Семей қаласы тарихи орталық ретінде белгіленіп отыр, сондықтан да Құнанбай, Шәкәрім, Мұхтар өскен өлке ерекше құрметке лайық деп атап айтылған болатын. Тамыз айында Семей қаласында «Абай мұрасы және әлемдік руханият» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді. Ал, қазан айында «Абай және рухани жаңғыру мәселелері» деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді. Бұл жиындарда Абайдың биік тұлғасы мен мол мұрасы жан-жақты зерделеніп, оның шығармашылығын жаңа Қазақстанның игілігіне пайдалануға жол ашылады.
Осындай ірі шаралардың шеңберінде ғана емес, еліміздің барлық оқу орындары мен мәдениет ошақтары, мұражайлар мен ұлттық орталықтары, қоғамдық ұйымдар Абай мерейтойына арналған мәдени іс-шараларды бастап кетті. Соның бірі біздің қаламыздағы «ТВС» телеарнасы мен «Магнетит» апталығының ұжымы арнайы айдар ашып, ұлы Абайдың шығармаларын оқушылар үшін үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Оның алғашқы қатысушылары қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері Сүндет Молдашев, Жақсылық Кәкенов, Лилия Пентюхова, Нина Герасева, Шамшия Қайыркенова, Ләйлә Қапанова, Рысбике Сүймековалар болды. Мұндай игілікті істің басында жүрген қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлімгерей Бексейітов алдағы уақытта да ардагер – ақсақалдарымыздың Абай өнегесін насихаттауға барынша үлес қосатынына сенім білдірді. Сондай-ақ қала мектептері де дәстүрлі «Абай» оқуларын бастап кетті, ендігі кезекте біз осы байқаулардың жеңімпаздарымен қалың көпшілікті жақын таныстырып отыратын боламыз. Қала бойынша өткізілетін іс-шаралардың барлығы да біздің ой-өрісімізді өсіріп, білім көкжиегімізді кеңейтіп, рухани дамуға сеп болатынына сенім мол.

Арман Сәбитбекұлы
Суретті түсірген
Виктор НАЗАРОВСКИЙ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив