Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
120
0
19-04-2021, 16:36
159
0
» Баспасөз мәслихаты

Баспасөз мәслихаты

07.02.20
Автор: magnetit
Просмотров: 624
Комментариев: 0

Баспасөз мәслихаты


Жаңа жыл қарсаңында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мемлекеттің орталық бөлігінде орналасқан Ухань қаласында белгісіз пневмония ауруы шыққаны туралы хабарлаған. Сарапшылар коронавирустың жаңа түрі ауруды қоздыруда деген қорытынды жасаған. Аз уақыт ішінде Тайландта, Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, АҚШ-та және Сингапурда осы инфекция бой көрсеткен жағдайлар анықталған. Бүгінгі күні шамамен 360 адам қаза тапқан және 17200-ге жуық науқаста вирус белгілері бар, олардың тоқсан пайыздан астамы және адам өмірін жалмаған жағдайлар әзірге тек Қытайда ғана орын алуда. Тұрғындарға Уханьнан және миллиондаған тұрғыны бар Хуанганг қаласынан еш себепсіз кетуге тыйым салынған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жағдай тұрақты, дегенмен қоғамдық денсаулық сақтау мамандары азаматтарды «қытайлық» пневмонияның қауіпті екендігі туралы хабардар етуге асығуда. Атап айтқанда, осы мақсатта Рудный әкімдігінде баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, оған туроператорлар, дәрігерлер және БАҚ өкілдері шақырылды.
– Егер адам вирус жұқтырса инкубациялық кезең екі аптаға созылады. Яғни, вирус жұқтырған сәттен оның алғашқы белгілері көрінгенге дейін аралық 14 күн шамасында. Осы уақыт ішінде ол басқаларға да жұқтыра алуы мүмкін. Оның белгілері дене қызуының жоғары болуынан басталады. Аурудың коронавирус екенін бірден анықтау өте қиын. Басты қауіп осында, – дейді қаламыздағы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы Фариза Мырзаева.
Тынышсыздану, жөтел, ентігу, тұншығу – аурудың басты белгілері болып саналады. Вирустың қалай пайда болатыны әлі толық анықталған жоқ. Тағы бір қауіп – емдеудің де нақты әдістерінің болмауы. Қазақстан қазір коронавирус диагнозын қоюға дайын, республикалық мамандар оның құрылымын толықтай үйренген. Сонымен қатар, шекарадан өткізу пункттеріндегі бақылау күшейтілді. Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандары мен дәрігерлердің айтуынша, дені сау адамдар қашан да сақтықты асырғаны жөн.
– Балаларға өте қауіпті, әсіресе жасқа толмаған балаларға бұл ауру жұқса қауіп еселене түседі. Сонымен қатар, жасы 50-ден 60-тан асқандардың жүрегінде ауруы, бронхит түрлері, жалпы айтқанда созылмалы ауруы болса, оған жұққан вирусты емдей алуымыз екі талай, – дейді Рудный қалалық емханасында жұқпалы аурулар дәрігері Наталья Поспелова.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың жаңа түрін жұқтырғандардың төрттен бірінде жағдай ауыр болатынын, ал жан тапсырғандардың көпшілігінде иммунитетін әлсірететін гипертония, диабет және жүрек-тамыр аурулары бар деген қорытындыға келді.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Суретті түсірген Виктор НАЗАРОВСКИЙ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив