Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
22-02-2021, 15:22
369
0
22-02-2021, 15:11
378
0
» Болашаққа жолдама

Болашаққа жолдама

07.02.20
Автор: magnetit
Просмотров: 603
Комментариев: 0

Болашаққа жолдама

Кездесу барысында ССКӨБ мамандары студенттерге өндірістік алаңдарда жұмысқа орналасу шарттары, әлеуметтік кепілдіктер туралы, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлері алатын жан-жақты мүмкіндіктер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«ССКӨБ» акционерлік қоғамы мен Рудный тау-кен технологиялық колледжі арасындағы өзара ынтымақтастық көптеген жылдар бойы жалғасып келеді. Жыл сайын колледж студенттерінің басым көпшілігі бірлестік алаңдарында практикадан өтеді. ССКӨБ ұйымдастырып отырған бұл іс-шарада студенттер кәсіпорында жұмысқа қабылданған кезде алатын мүмкіндіктерімен танысты.
– Жасыратыны жоқ, көбінесе диплом алған түлектер бұдан әрі не істеу керектігін білмейді. Сондықтан бұл шара балаларды қаламызда, облыста немесе Қазақстанда жұмыс істеуге жіберуге бағытталған. Бүгінгі жиыннан кейін көптеген студенттер мәнсаптық өсу жағынан да, ақпарат тұрғысынан да өздері үшін көп нәрсе алды. Себебі, біз білмейтін көптеген мәліметтер баяндалды, – дейді РТКТК Өндірістік оқыту жұмыстары бойынша директордың орынбасары Татьяна Дозорцева. «Болашаққа жолдама» іс-шарасына екінші курстың 40 студенті қатысты. Бұл болашақ темір жонушылары, электриктер, электровоз жүргізушілері және слесарь-жөндеушілер. Қатысушылардың басым көпшілігі кәсіпорында тәжірибеден өткен. Екатерина Шишкина солардың қатарында. Ол өз өмірін ерлерге арналған кәсіппен байланыстыруға шешім қабылдаған қыздардың бірі. ССКӨБ-те бірнеше ай жұмыс істегеннен кейін, темір жонушы студент өзінің өмірін тау-кен өндірісімен байланыстыруға тырысуда.
– Темір жонушылықты игерген екі ағам маған осы мамандық бойынша кеңес берді. Мен өзімді сынап көруді ұйғардым. Бір қызығы, маған практикада бұл мамандық ұнай түсті. Практика барысында арнайы жону қондырғысында жұмыс істедім, – деді Екатерина Шишкина.
ССКӨБ қызметкерлеріне ұсынылатын көптеген мүмкіндіктердің ішінде студенттерге, атап айтқанда, жоғары білім алуға қызығушылық танытатындарға жеңілдіктер бар. Жоғары оқу орнына төленетін қаражаттың 50% -ын кәсіпорын төлейді.
«Болашаққа жолдама» тек Рудный студенттерін ғана қамтымайды. Кәсіпорын мамандары кәсіби қызметке қатысты өзекті сұрақтарға ССКӨБ ауқымында және бүкіл Қостанай облысының студенттеріне жауап беруді жоспарлап отыр.



Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген Виктор НАЗАРОВСКИЙ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив