Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
120
0
19-04-2021, 16:36
159
0
» Жас хоккейшілер марапатталды

Жас хоккейшілер марапатталды

06.04.21
Автор: magnetit
Просмотров: 429
Комментариев: 0

Хоккейден биылғы Қазақстан Чемпионатын рудныйлық «Горняк» командасы 51 ұпаймен қорытындылап, турнир кестесіндегі 10-шы орыннан көрінгенімен, клубтың балалар мен жасөспірімдер командасы 2019-2020 жылғы маусымды сәтті аяқтап, қоржынын жүлделермен толықтырды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Ковид-19 індетінің таралуына байланысты кейінге шегеріліп, өткен аптада спортшыларымыз көптен күткен медальдарына қол жеткізді. Салтанатты іс-шара «Горняк» мұз сарайында ұйымдастырылды.


 Қазақстан хоккей федерациясы 2020 жылғы 18 наурызда індеттің таралуына байланысты ішкі республикалық чемпионат аясындағы ойындарды уақытша тоқтатқан болатын. Мұндай шектеу балалар мен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан чемпионаттарға да қойылды. Сондықтан федерация өкілдері өткен ойындар бойынша 2019-2020 жылғы маусымды қорытындылап, жеңімпаздарды мерзімінен бұрын анықтаған. «Б» тобында ойын өткізген «Горняк» хоккейшілері нәтижесінде әртүрлі жас санаттары бойынша жүлдегер атанды. Федерация өкілдері Рудный қаласына арнайы келіп, жас спортшыларымызға көптен күткен кубок пен медальдарын табыстады.
– Қазақстан хоккей федерациясы атынан балаларға жеңіп алған медальдарын табыстау мен үшін қуаныш. Осы жүлделерді «короновирус» індетіне байланысты уақтында тапсыру мүмкін болмағанымен, бүгін сол қуанышты күнге де жеттік. Елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарып, чемпионаттардың бұдан әрі үзіліссіз өтетініне сенімдімін. Рудныйлық спортшыларға тек қана жеңіс тілеймін, – деді Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының атқарушы директоры Андрей Сачук.
Республикалық чемпионат қорытындысы бойынша бапкер Борис Гостиевтің 2009 жылы туған шәкірттері алтынға қол жеткізген болса, 2007 жылы туған рудныйлық спортшылар өздерінің категориясында екінші орынды иеленген. Сондай-ақ клубтың тәжірибелі бапкерлерінің бірі Андрей Шевченко жаттықтырып отырған 10-11 жастағы жас хоккейшілеріміз де қола жүлдеге қол жеткізіп отыр.
– Әрбір кездесу нәтижесі бойынша балалармен тыңғылықты жұмыс істеп, ойындағы барлық қателерімізді ескердік. Сол себепті хоккейшілердің ойнау тактикасы жақсарып, шеберліктері де біраз шыңдалғаны сөзсіз. Бұл жастарды жылдар бойы жаттықтырып келемін. Олардың көңіл-күйін, ойнау шеберлігін жақсы түсінемін, – дейді команда бапкері Андрей Шевченко.
Салтанатты шараға келген мәртебелі қонақтар өткен маусым ойындарында үздік атанған спортшыларды да арнайы жүлделермен марапаттады. Атап айтсақ: 2007 жылы туған жастар арасында 71-ші нөмірмен ойнап жүрген Лев Крицын және 2010 жылы туған хоккейшілер командасының ойыншысы Тимур Ибрагимов «Үздік ойыншы» атағына ие болды. Сондай-ақ 2009 жылғылардың арасында Глеб Коптелов «Үздік қақпашы» атанды.


Ерғали Убайдуллаев

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив