Алаяқтық азаймай тұрРудныйда қолдағы смартфонды қашықтықтан басқаратын алаяқтықтың жаңа түрлері тіркеле бастады. Арнайы қосымша бағдарламалар арқылы қылмыскерлер өзгенің телефонын қашықтықтан басқарып, талайды сан соқтырып жатыр. Басқа да интернетпен байланысты алаяқтықтар да қазірге бәсеңдемей тұр. Полиция басқармасы тұрғындарға сақтықты асырыңдар деп дабыл қағуда. Мыңдаған құрбандар, миллиондаған шығындар. Жыл сайын, бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді таратылатын ескертулерге қарамастан, телефонмен және интернеттегі алаяқтықтың ауқымы азаймай жатыр, керісінше тек өсуде. Алаяқтар қарапайым әдістерді ұтымды пайдаланып, халықты қармағына ілуде. Сонымен қатар, олар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, сенімге кірген жағдайлар бірқанша. «Банктен хабарласып тұрмын» деп қоңырау шалып, белгілі бір терминдерді қолданғанда, шеберліктері шекеңді тыз еттіреді. Тіпті, нөмірді өзгертіп, банктің нөмірі етіп шығаратын да арнайы бағдарламаларды да қолданады екен. |
Реклама



Последние новости
19-04-2021, 16:41
163
0
19-04-2021, 16:38
120
0
19-04-2021, 16:36
159
0
19-04-2021, 16:19
153
0
19-04-2021, 16:17
138
0
Категория: ---
Теги:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем. Комментарии (0)
|
Популярное на сайте
|