Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
180
0
19-04-2021, 16:36
268
0
» Жастарға қолдау бар

Жастарға қолдау бар

06.04.21
Автор: magnetit
Просмотров: 403
Комментариев: 0

Еуразиялық Топ құрамына кіретін кен алыбында соңғы кездері өндірісті жақсартуға септігін тигізетін тың идеяларға үлкен назар аударылып келеді. Жұмысшылардың әрбір бастамасы басшылық тарапынан да үлкен қолдауға ие. Кәсіпорын жұмысын оңтайландыруға атсалысып жүрген жас мамандардың бірі Сергей Пигида «ССКӨБ» қатарына осыдан 5 жыл бұрын қосылған. Осы уақыт ішінде жас маман өзіне тәжірибе жинақтап қана қоймай, бірлестіктің әрбір бөлімшесіндегі еңбек жағдайларын жақсартуға елеулі үлес қосып келеді.


 «ССКӨБ» кеніштерінде жұмыс істейтін Хитачи, Белаз немесе Катерпиллер сияқты көп тонналық ауыр техникалар жөндеуді қажет еткен кезде, олар дереу Авто жөндеу цехының №1 техникалық қызмет көрсету және техникалық жөндеу учаскесіне жіберіледі. Мұндағы слесарь, электр-газбен дәнекерлеуші, жонушы мен қоймашы, сынаушы-жүргізуші сияқты жұмысшылар күн сайын алып техниканы қалыпқа келтірумен шұғылданады. Кейіпкеріміз Сергей Пигида кәсіпорынға келуден бұрын, жылдар бойы жеңіл автокөліктерді жөндеумен айналысқан. «ССКӨБ» қатарына қосылғаннан кейін жас маман 40, 60, тіпті 90 тонналық алып көліктерді жөндеу ерекшеліктерімен танысып, ауыр жұмыстан қашпағанын айтады.
- Өңірдегі кен алыбына, дәлірек айтсақ Қашар алаңына 2016 жылдың қазан айында автомобильдерді жөндейтін слесарь болып орналастым. Бұдан бұрын жеке серіктестіктердің бірінде еңбек еткен едім. Бірлестікке келгенде алғашқы кездері үлкен техниканы көріп таң қалдым. Уақыт өте келе тәжірибелі мамандардың арқасында жұмыстың қыр-сырын үйреніп алдым, - дейді Сергей Пигида.
Кәсіпорында жұмыс істеп жүрген кезде Сергей Қостанайдағы автомобиль көліктері колледжіне түсіп, техник-механик мамандығын игеріп алған. Бастапқыда слесарь болып қызмет еткен ол, тиянақты жұмысының арқасында жөндеу процесіне жауапты кезекші болып тағайындалғанын айтады. Арада біраз уақыт өткеннен кейін жас маман Қашар алаңындағы жабдықтаушы міндетін де атқарған. 2020 жылдың қыркүйек айында Рудный қаласындағы Авто жөндеу цехының учаске шебері болып тағайындалған.
Бүгінде учаскедегі 18 адамның жұмысына бас-көз болып отырған жас маман күнделікті еңбек міндеттерімен қоса, кәсіпорындағы «Идеялар фабрикасы» жобасына қатысып, ұтқыр ұсыныстарын жиі ұсынады екен. Оның кейбір еңбектері бөлімшелер арасында үздік атанған.
- Қашар алаңында еңбек етіп жүрген кезде Хитачи автосамосвалының доңғалақ сынасын шешіп алу идеясын ұсындым. Ол үшін арнайы балғасы қолданылатын болды. Бұдан бұрын осы процесс үшін қолдың күші және сүймен пайдаланылған болса, идеямызға сәйкес шасси цехымен бірігіп арнайы балғаны жасап шығардық. Қазір бұл балға Қашар алаңында қолданылып жатыр. Ұсынған идеяларым өте көп. Мысалы тағы біреуі бойынша көлемі үлкен бөшке тасығыштарды қолдануды ұсындық, - дейді учаске шебері.
Алдағы уақытта Сергей Пигида білімін жетілдіруді жоспарлап отыр. Ол үшін отандық немесе шетелдік оқу орындарының біріне түсіп, жоғары білім иесі атанып, өткен жылы дүниеге келген тұңғышы үшін үлгілі әке болуды мақсат етіп қойған.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив