Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Қала әкімі есеп берді

Қала әкімі есеп берді

14.02.20
Автор: magnetit
Просмотров: 63
Комментариев: 0

Қала әкімі есеп берді


Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов тұрғындармен кездесуді әлеуметтік сала мәселелерінен бастады. 2019 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылған. Жалпы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға 1 миллиард 400 мың теңге жұмсалған.
– Жыл басынан бері 6159 қала тұрғынына 377,9 млн. теңге көлемінде төлемдер жүргізіліп, көмек көрсетілді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар 2883 адамға жетті, 710 отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілді, 2293 адам әлеуметтік көмек алды. Жеңіс күнін мерекелеу аясында Ұлы Отан соғысының 1294 қатысушысы мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша 5,1 млн. теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді, – деді қала басшысы.  2019 жылы Рудныйда жол жөндеуге 625 миллион теңге жұмсалған. Бұл қаражат, атап айтқанда, Володарский көшесін қайта құру үшін пайдаланылған, онда көптеген ағаштар отырғызылып мен жарық орнатылған. Ескерте кеткен жөн, шамдардың жарық шашуын қала тұрғындары қаңтар айының соңына дейін күтті. Сандригайло, Ленин және № 23, 28 және 29 шағынаудандарда жарықтандыру желілерінің құрылысы аяқталды. Кашар, Мир, Горняк, Свердлов, Дзержинский және Студенттер даңғылында шамдар ауыстырылған. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын болады.
– Кәріздер жөнделіп, 18 шағын ауданды газдандыру және Перцевка ауылына су жүргізу бойынша жобалау жұмыстары қолға алынады, – деді Бақытжан Ғаязов.
Өткен 2019 жылдың маңызды оқиғасы - 50 пәтерлік бес қабатты тұрғын үйдің ашылуы болды, олардың кілттерін пәтер кезегінде тұрған адамдар алды. Екі жыл ішінде Рудныйда төрт көпқабатты тұрғын үй салынды, оның екеуін биыл 39-шы шағын ауданда салу жоспарлануда. Бірте-бірте билік мектепке дейінгі мекемелердегі, яғни балабақшаға мұқтаж, үш мыңға жуық кезекте тұрғандар санын қысқартуға тырысуда. Алдымен 2020 жылы Сандригайло көшесінде 265 адамға арналған бала бақша қалпына келтіріледі. Ал 14-ші мектепте күрделі жөндеу жүргізілетін болады.
Баяндама барысында басқа да көптеген сұрақтар көтерілді. Бақытжан Ғаязов осы жылдың ішінде олардың әрқайсысы бойынша жауап беруге немесе шешім шығаруға уәде берді. Тек «неге?» деген сұраққа негізделген мәселелер ғана емес, сонымен қатар басшылықтың қызметіне және қаламыздағы бүгінгі жағдайға қанағаттанатын тұрғындар да өз ризашылықтарын білдірді. Осылайша, ескі жыл қорытындыланып, жаңа жоспар қабылданды.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Суретті түсірген Виктор НАЗАРОВСКИЙ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив