Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Қолжетімді баспана

Қолжетімді баспана

14.02.20
Автор: magnetit
Просмотров: 66
Комментариев: 0

Қолжетімді баспана


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде берген тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» атты жаңа бір бағыт өткен жылы іске қосылған болатын. Бұл бағдарламаға төрт және одан да көп баласы бар отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар қатыса алады. Кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар толық емес отбасылардың да қатысуға құқығы бар. Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бұл бағытта жоспарлы жұмыстарын жүргізуде.
Рудный қаласында да осы бағдарлама арқылы баспанаға қол жеткізгендер бар. «ССКӨБ» АҚ шекемтас өндіру цехында күйдіру учаскесінің жұмысшысы Парахатов Әлібек Сәденұлы солардың бірі. 4 перзенттің әкесіне өткен жылдың тамыз айында қала әкімшілігі хабарласып, жеңілдіктер туралы айтқан. Кейін Әлібек Сәденұлы құжаттарды жинауға кіріскен.
– Халыққа қызмет көрсету орталығынан керекті анықтамаларды жинақтадым. Оның барлығын әкімдікте тексеріп, банкке жолдама береді екен. Барлығы бағдарламаның бағытына сай екені дәлелденгеннен кейін, маған үй іздеуге уақыт берді. Өзіме ұнаған пәтерді таптым, оның бағасы 7 600 000 теңге болды. Пәтерді де арнайы мамандар барып көріп, бағалап, айтылған сомаға тура келетінін айтты. Алғашқы жарна есебінде 760 мың теңгені банкке салдым. Маған 20 жылға дейін төлеу мерзімін созуға болады екен, мен ойласа келе 15 жылдық мерзімді таңдадым. Қазір 2027 жылға дейін ай сайын 40 500 теңге төлеп тұрмын. 2026 жылы қалған жылдардағы айлық төлемдерді есептеп беретінін айтты. Мен үшін үлкен жеңілдік әрі отбасым үшін шексіз қуаныш сыйлаған осы мемлекеттік бағдарламаға дән ризамын, – дейді Әлібек Парахатов.
Осылайша Әлібек Сәденұлы өткен жылдың қазан айында қаламыздағы «50 лет Октября» көшесі, 22 үйден 3 бөлмелі пәтердің иесі болды.
Бұл бағдарлама туралы Еуразиялық топтың әлеуметтік қамсыздандыру менеджері Дамир Кенжигарин: – Топтың барлық критерийлерге сәйкес келетін кәсіпорындарының қызметкерлері компаниядан алғашқы жарна түрінде көмек алады. Талап етілетін сома бес жылға дейінгі жарналарда, небәрі 0,1% мөлшерінде беріледі. Бұл жағдайда өтініш беруші әкімдікте тұрғын үй алу үшін кезекте тұруы керек. Қазір біз осы бағдарламаға қатысуға ниет білдірген қызметкерлердің тізімдерін жинақтаудамыз,-дейді.
ССКӨБ-тің техникалық жабдықтарды жөндеу басқармасының слесарь-жөндеушісі Қошмаханов Әділмұрат Шүйіншібайұлы да дәл осындай мүмкіндікке ие болған. «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы Ленин көшесіндегі 70 «А» үйден баспана тапқан 4 ұлдың әкесі Әділмұрат Қошмаханов 19 жылдық мерзімге құжат рәсімдеген. Қазірге 2026 жылға дейін айына 39 350 теңгеден төлейді екен. Қалғанын 2 пайыздық есеппен әрі қарай банк есептеп береді.
– Мен бұл несиені әйелім Туримова Гүлдерім Айжарыққызының атына рәсімдедім. Мен төлеуші ретінде көрсетілгенмін. Қанша жылдан бері бөлмесі көп әрі кең баспанаға қол жеткіземіз деп армандаған едік. Ипотекаға жүгінсем табыс көзі шарттары аяқтан тартты. Ал жаңа бағдарлама бағымызды ашқандай. Небәрі 2 ай ішінде барлық құжаттар да дайын болды, баспана да атыма өтті. Төлемі де, пайызы да аз. «ССКӨБ» АҚ өз қызметкерлеріне жалақыны жақсы төлейтіні баршаға аян. Соның арқасында баспана қарызынан жеңіл шығатыныма сенімдімін, – дейді Әділмұрат Шүйіншібайұлы.
Шарт бойынша көпбалалы, толық емес отбасылар, сондай-ақ мүгедектігі бар бала тәрбиеленген отбасылар да несие алуға өтініш бере алады. Несие мөлшері - 2%, ал алғашқы төлем - несие сомасының 10%. Сонымен қатар, бір отбасы мүшесінің орташа табысы 62 366 теңгеден аспауы керек. Бағдарлама бойынша сіз бастапқы, қосымша тұрғын үйлерді, сондай-ақ жеке үйді сатып ала аласыз. Өңірлердегі тұрғын үйдің максималды құны - 10 миллион теңге, несие мерзімі 20 жылға дейін. Тағы бір маңызды шарт - меншік құқығындағы баспананың болмауы.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Сурет интернеттен алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив