Ұлттық құрамада рудныйлықтарҰлттық құрамада рудныйлықтар Қостанайда өткен ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионатына еліміздің 14 облысынан 695 дзюдошы қатысты. Татамиге 2003-2004 жылы туған спортшылар шықты. Қостанай облысының намысын қорғау үшін рудныйлық Жансая Ерқуанышова мен Дина Балун есімді қыздар қатысты. Турнир қорытындысы бойынша екеуінің де бағы жанып, өздерінің салмақ санаттарында алтын жүлдегер атанды. Чемпионат жеңімпазы Дина Балун осы уақытқа дейін біраз жарыстарға қатысып келеді. Қостанайда өткен додада 63 келіге дейінгі салмақ категориясында көк кілемге шығып 5 кездесу өткізген. Қарсыластарының осал болмағанын айтқан ол, жартылай финалда аса қиын күрес өтті дейді. Қыз баланың айтуынша осындай үлкен жарыстар спортшының өзіне деген сенімділігін арттырып, алдыға қарай ұмтылуына көмектеседі екен.
|
Реклама



Последние новости
19-04-2021, 16:41
163
0
19-04-2021, 16:38
120
0
19-04-2021, 16:36
159
0
19-04-2021, 16:19
153
0
19-04-2021, 16:17
138
0
Категория: ---
Теги:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем. Комментарии (0)
|
Популярное на сайте
|