Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
28-06-2022, 16:03
351
0
27-06-2022, 12:53
462
0
» Ұстаздық қылған жалықпас

Ұстаздық қылған жалықпас

06.03.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 241
Комментариев: 0

Ұстаздық қылған жалықпас


Наурызым ауданының тумасы Райхан Жауғашарқызы 1985 жылы Қостанайдағы педагогикалық институттың шет тілдері факультетін бітіріп шығып, ұстаздық жолын ұстанған. Білікті маман алғашында Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектепте мұғалім болған. Отбасылық жағдайға байланысты Рудныйға келген. Соңғы 4 жылда қаламыздағы №15 мектепте ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істейді.
– Әйгілі Қадыр Мырза Әлі жырлағанындай, өзге тілідің бәрін білсек те өз тілімізді құрметтеуіміз керек. Мен қазақтың қаракөз балаларына шет тілін үйретуге бел буған адаммын. Ағылшын тілін үйрену – шет елге барып оқуға, білімді тереңдетуге, басқа елдермен қарым-қатынас жасауға, саяси біліктілікті асыруға, Қазақстанды басқа елдерге таныта білуге үлкен септігін тигізеді деп есептеймін. Сол үшін де өзге пәндерді ағылшын тілінде үйрену әдістемелерін жасап шығуды алдыма жоспар еттім. Одан бөлек жаратылыстану, биология, география және математика пәндерін ағылшын тілімен кіріктірілген сабақтарды өткіге атсалысып жүрмін. Біздің бұл әдістемелеріміз республика көлемінде жоғары марапатқа ие болды, – дейді Райхан Қамбарова.
Кейіпкеріміз өз жетістіктерімен облыс, республика көлемінде көзге түсіп жүрген мұғалім. Ағылшын тілі мұғалімдерінің облыстық шығармашыл тобының мүшесі. Республикада Ұлттық тестілеу орталығында бірнеше рет сараптамалық топқа қатысып, өз еңбегі үшін алғыс хаттарға ие болған.
– Тәлімгер ретінде жас мамандармен тәжіри бөлісіп отырады, көбінесе шығармашылдық жұмыстарды ұнатады. Дарынды шәкірттері Америка, Англия, Чехия елдерінде білім алып жоғары қызмет атқаруда. Ағылшын тілін үйрену бойынша түрлі оқулықтардың авторы. Адамилық тұрғыдан да бойында жақсы қасиеттері бар, қашан да әріптестеріне қол ұшын беруге дайын, – дейді №15 мектеп директоры орынбасары Жұлдыз Аманбаева.
Райхан Жауғашарқызының жастайынан тілдерді үйренуге деген қызығушылығы осы мамандықты игеруге жетеледі. Қызы Дарина Қамбарова да анасының ізін жалғап, қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімі болып жүр. Жолдасымен бірге 2 қыз 1 ұлды тәрбиелеп, олардан 4 немере сүйіп отыр.
– Қыз – қырық жанның иесі. Мақсат болса нәзік жандылар отбасын да, қоғамның белгілі бір бөлшегін де айрандай ұйыта алатын құдыретке ие. Барша әйел-қыздарды, аналарды, апа-сіңілдерімді, №15 мектептегі әйелдер қауымын төл мерекелерімен құттықтаймын! – деп Райхан Қамбарова ізгі ниетін де білдірді.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Суретті түсірген виктор НАЗАРОВСКИЙ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив