Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
28-06-2022, 16:03
351
0
27-06-2022, 12:53
462
0
» Өндірістегі ару

Өндірістегі ару

06.03.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 332
Комментариев: 0

Өндірістегі ару


«Жарқырап тұрған күн» - Татьянаны әріптестері осылай атайды екен. Кейіпкеріміз жылу электр орталығындағы химиялық зертхана цехында инженер болып жұмыс істейді. Қарамағында 5 адам бар. Жас болса да шағын ұжымға бас бола білген Татьянаның бойында біліктілік тұнып-ақ тұр, одан бөлек әріптестері оны талантты әрі қашан да көңілді жүреді дейді. Жұмыстың алға басуына қажетті қасиеттердің де осы екеніне ешкімнің таласы болмаса керек.
– 2005 жылы ЖЭО жұмысқа келдім. Одан бері көзді ашып-жұмғанша 15 жыл өтіпті. Бірлестік білімі мен тәжірибесі бар мамандарды жоғары бағалайды. Қай кезде де біліктілікті асырамын деушілерге жақсы мүмкіндіктер ұсынады. Мен «Биология» және «Жылу энергетика» бағытындағы екі бірдей жоғары оқу орнының дипломына иемін. Соның арқасында өз цехымда инженерлік лауазымына дейін көтерілдім. Мақсатым – тек алға қарай ұмтылу, өндіріс саласын жақсартуға септігімді тигізу. Себебі жұмыс орным және әріптестерім мен үшін екінші отбасыға айналған, - дейді Татьяна.
Сүйікті жар, екі перзенттің анасы гүл өсірумен қатар бос уақытында сурет салуға және тоқыма жұмыстарымен уақыт өткізгенді ұнатады екен.
Татьяна жыл сайын өздерінің төл мерекесі болған «энергетиктер» күнінде, қауіпсіздік және еңбекті қорғау күніне арналған қабырға газеттерін жасауға, тақырыпқа сай суретер сызуға өте шебер. Соның арқасында бірнеше марапаттарға да ие болған.
- Он саусағынан өнер тамған шебер. Басшылық қызметті де орынды алып баруда. Ұжымда оны барлығы жақсы көреді және құрметтейді. Оның жаңалыққа жаны құмарлығы баршамызға жұмысқа деген қызығушылықты оятып отырады, - дейді әріптестері.
Бірлестік көлеміндегі шараларға белсенді қатысқаны үшін, тәжірибесі мен біліктілігінің арқасында «ССКӨБ» АҚ әкімшілігі Татьяна Запровальнаяны бірнеше рет алғыс хат және грамоталармен марапаттаған.
Татьяна жылдар бойы жинаған тәжірибесінің арқасында химиялық цех бойынша жұмысқа дайындық бағдарламасы мен жоспарын жасап шыққан. Сонымен қатар қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында химиялық талдау жасаушы қызметкерге арналған нұсқаулық жазып шыққан. Оның бұл еңбектері жоғары бағаланып, қазіргі күнде қызметкерлерге үйретілуде.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Суретті түсірген Виктор Назаровский

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив