Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
28-06-2022, 16:03
351
0
27-06-2022, 12:53
462
0
» Наурыз – игі істер айы

Наурыз – игі істер айы

06.03.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 401
Комментариев: 0

Наурыз – игі істер айы


Бірлестік бөлімшелері тек кен өндірумен ғана айналыспай қаланың әлеуметтік өмірін жақсартуға да атсалысып отыратыны баршаға аян. Соның бірі – балалар үйінің әр тобын ССКӨБ бөлімшелері бөліп алып, сәт сайын қамқорлық көрсету іс-шарасы. Әсіресе, жыл бойы үзілмейтін шара көктем басталысымен қыза түседі. Себебі, дәстүр бойынша бірлестікте «Наурыз – игі істер айы» деп белгіленген.
ССКӨБ-тің тау-кен теміржолы көлігі цехы қызметкерлері Рудный балалар үйіне қол ұшын сәт сайын созып тұратындардың бірі. Дәстүрінен айнымаған ұжым көктем басталысымен балалармен кездесіп, оларға қуаныш сыйлауды ұйғарыпты.
– Кәсіпорын көлемінде «Наурыз – игі істер айы» акциясы бастау алды. Біз тау-кен теміржол көлігі цехындағы көлік кешені қызметкерлері 1 наурыз күні өз қамқорлығымыздағы Рудный балалар үйінің бірінші тобын қаламыздағы «Амид» спорт кешенінің мұз айдынына алып бардық. Коньки теуіп білмейтіндерге сырғанауды үйреттік, қолынан келетіндер өздері сырғанап көңіл көтерді. Осылайша «Жастар – 2020» бағдарламасы аясында игі іс жасадық. Оған бөлімшеміздің кәсіподақ ұйымы да өз септігін тигізді, – дейді «ССКӨБ» АҚ ТКТЖКЦ көлік кешенінің жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушысы Владимир Семекин.
Топта жалпы балалар саны 13. Барлығы да түгел мұз айдынына барып, коньки тепті. Балалардың көңілі тоқ. Өздерін қамқорлығына алған тау-кен теміржол көлігі цехы ұжымына дән риза.
Шара соңында ұйымдастыру-шылар балалармен өткізілген шараны талқылады. Әдеттегідей балалар көңіліндегі ізгі тілектерін білдірді. Олардың ниет-тіліктерін тыңдай отырып, ТКТЖКЦ қызметкерлері болашақта көптеп осындай көңіл көтерер шараларды ұйымдастырып тұруға уәде берді.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив