Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
14-10-2021, 15:39
442
0
14-10-2021, 15:37
368
0
» Есімің қалды жаңғырып...

Есімің қалды жаңғырып...

19.04.21
Автор: magnetit
Просмотров: 870
Комментариев: 0

Қаламыздағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің түп тамыры Меңдіқара ауданымен байланысты. 1940 жылы бой көтерген училище 1974 жылы Рудныйға ауыстырылды. Колледждің бүгінгі беделін қалыптастыруға бұрынғы директоры Досмағұл Сүймековтың еңбегі орасан зор. Білім саласына ойып тұрып ізін салып кеткен азаматты еске алу мақсатында қаламыздағы мемлекеттік авхивте арнайы кездесу кеші өткізілді. Досмағұл Еслямұлының көзін көрген және әріптес болған азаматтар студенттерге оның өмірде қандай жан болғанын баяндап берді.


 Досмағұл Сүймеков жұмыс істеген жылдары Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде 6000 мыңнан астам оқытушыларды тәрбиелеп шығарды. Досмағұл Сүймековты замандастары Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі және Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері екенін ерекше атап өтті. Оның сіңірген еңбегі шындығында қыруар. 1976 жылы, яғни, Меңдіқара педагогикалық училищесі Рудныйға алмастырылған кезден екі жыл өткенде оған Досмағұл Сүймеков 5-ші директор болып тағайындалды. Оның қарамағында педагогикалық училище кейіннен әлеуметтік-гуманитарлық мәртебесіне ие болған педагогикалық колледжге айналды. Тағы бір оқу ғимараты мен тоғыз қабатты студенттер жатақханасы пайдалануға берілді. Қайта құру мен Тәуелсіздіктің қалыптасуының қиын жылдарында Досмағұл Сүймеков жаңа типтегі колледж құрып, түрлі мамандық бағытында жаңа оқу бағдарламасын енгізе алды. Рудный мемлекеттік архиві қабырғасында өткен еске алу кеші аясында көрнекті ұстаздың жақындары мен әріптестері оның қандай адам болғанын және оның өмірлік ұстанымдары жайлы баяндап берді.
– Досекең туралы айтатын болсам, ол 14 жасында қазіргі қаламыздағы әлеуметтік-гуманитарлық колледжіне келген болса, сол жерде оқып, білім алып, әрі қарай жұмысқа тұрып, зейнет жасына дейін осы білім ордасында болды. Біз екеуміз сол жерде таныстық, оқуды бітіріп жаңа өмірге қанаттандық, отбасын құрып, өзіміз білім алған колледжге қызмет еттік. Жалпы айтқанда біздің тағдырымыз осы жермен тығыз байланысты болды. Досмағұл Сүймеков өзінің 40 жылдық еңбегі барысында әрбір шәкіртінің, әрбір әріптесінің жүрегіне жол таба білді. Себебі, оның бойындағы ең басты таланты «адамгершілік» болатын, – дейді Рысбике Қасымқызы.
Бұл кездесу қазақтың көрнекті ағартушысының 80 жылдығына орайластырылған. Рудный мемлекеттік архивінің қызметкерлері жиналғандарға Сүймековтің марапаттарын, естеліктері мен фотосуреттерін көрсетті. Жаны жарқын азамат түрлі қасиеттерімен әріптестерінің жадында қалған. Жақындарының айтуынша ол шынымен де нағыз педагогқа сай өмір сүрген.
– Ол өзінің біліктілігін үнемі арттырып отырды, бізден де соны талап етті, – дейді әріптесі Александр Голованов. – Бізге ол «Үнемі ізденісте болған оқытушы ғана нағыз мұғалім» деп айтып отыратын. Барлық салаға жіті мән берді. Біздің колледжде қандай пәндер оқытылса, соның барлығынан хабары болатын. Мысалға, өзім оқушыларға сабақ берген музыка саласын алайық, Досмағұл Сүймеков баян аспабында ойнауды үйренді. Сосын, хорға қатысты. Дауыс ырғағы, тембр жайлы да түсінігі терең болатын. Бұл бір ғана қыры. Оны тіпті спортшы деп те тануға болады. Өз көзіммен көргенімді айтатын болсам, Досмағұл Еслямұлы шаңғы тепкенде алдына жан салмайтын.
Осылайша естеліктерге толы өткен кеш «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Досмағұл Сүймеков 2017 жылы өмірден озған еді. Оған арнап 2020 жылдың қазан айында Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің қасбетінде ескерткіш тақтасы орнатылды. Оқу орны және оның түлектері үшін Досмағұл Еслямұлы Сүймеков нағыз көшбасшы, қайраткер ұстаз, тәжірибелі тәлімгер және үлгі аларлықтай қасиеттерге ие азамат болып қала бермек.

Айсұлу Шомаева
Рудный қалалық мемлекеттік архивінің қызметкері
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив