Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
6-04-2020, 13:24
33
0
6-04-2020, 13:20
18
0
» Дариха әже 108 жаста

Дариха әже 108 жаста

20.03.20
Автор: magnetit
Просмотров: 125
Комментариев: 0

Дариха әже 108 жаста


Жұбайы Әбіш Шошыманов шаруагер әрі ұста болған екен. Қызылордамен тұспа-тұс келетін қазіргі Өзбекстан Республикасы, Науаи облысындағы Қызылқұм өңірін мекендеген. 1969 Әбіш қария дүние салғаннан кейін жалғыз ұлы Құлмұратты анамыз бағып-қағып өсіреді. Бүгінгі таңда әжеміздің өрісі кеңейіп, 5 немере, 11 шөбере, 1 шөпшек сүйіп отыр.
– Біз жасаған заманда көп қиындық көрдік. Себебі, соғысты бастан өткердік. Жесір мен жетімнің көз жасын көл еткен сұм соғыс түрлі сынақтарды басқа салды. Барлығымыз аянбай еңбек еттік. Заман түзеліп, тыныштық орнаған соң егемендік жылдары маған «Тыл ардагер» деп, төсбелгі тақты. Қазір шүкірлік ететін уақыттамыз. Қазанымыз толы, өзегіміз майлы. Немере-шөберелер көз алдымызда, осыдан артық бақыттың керегі не? – дейді көпті көрген әжеміз.
2013 жылы Рудныйға қоныс аударған әжеміз қазір отбасымен кеншілер қаласын мекендеп отыр. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында қала басшылығы Дариха Шошымановаға төсбелгі де таққан.
Наурыз – халқымыз асыға күтетін мерекелердің бірі. Жыл сайын бұл мерекенің маңызын, халқымыздың салт-дәстүрін ұқтырып отыратын әже биыл да қазанды көжеге толтыртып, отбасымен жаңа жылды мерекелеп, сөзден жаңылмай батасын беріп отыр.
– Келінім Ферузаға өмірдегі бар білгенімді үйреттім. Енді ол да үлкен отбасының анысы болып отыр. Жас өткен сайын бойдан күш-қайрат, көзден жанар сөне бастайды. Мендей қарияға қамқор болып, барлық жағдайымды жасап отырған осы Феруза келініме ризамын. Қазіргі таңда заманауилықты сылтау етіп, ене мен келін арасында түрлі іріткі пайда болуда. Менің айтарым, келіндік қызметті Ферузадан үйренген адам қор болмайды. Осы бір мысалдан-ақ сезген боларсыз, біздің отбасымыда қазақы тәрбие сол қалпында сақталуда, – деп Дариха әжеміз бір мақтанып та, марқайып та қойды.
Дариха Шошыманованың өмір жолы бір кітап болардай көпке үлгі. Жастайынан шаруаға араласып, мал бағып, жұбайы қайтқан соң әрі ана, әрі әке болып үйіне береке келтіріп отырғанының арқасында бүгінгі таңда ұйыған бір отбасының төріндегі қазынасы болып отыр. Наурыз мерекесі қарсаңында Дариха әжемен жүздескен соң ақ жаулықты анадан бата сұрадық. Дариха Шошыманова қолын жайып былай деді:
– Ақ мол болсын,
Несібең көл болсын.
Наурызда қойың қозылап,
Қораң тола төл болсын.
Ұрпағыңмен мың жаса,
Менен тілек сол болсын.
Әумин!


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив