Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
6-04-2020, 13:24
33
0
6-04-2020, 13:20
18
0
» «Жадыра» Қостанай төрінде

«Жадыра» Қостанай төрінде

20.03.20
Автор: magnetit
Просмотров: 106
Комментариев: 0

«Жадыра» Қостанай төрінде


Қостанай қаласындағы «Достық» үйінде «Жадыра» халықтық вокалдық ансамблінің концерті өтті. Аталмыш шара Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналды.
– «Жадыра» ансамблі қазақ елі өз тәуелсіздігіне қол жеткізген тұста құрылып, оны әнші, композитор Қайрат Нұрғазин басқарды. Ұжым қала мен облысымыздағы көптеген мәдени іс-шараларға белсене араласып, түрлі ән байқауларында талай мәрте топ жарды. Кейін өнер ұжымын Ақжанай Қалиева мен Дәулеткерей Қиқымов басқарды. Кейінгі 15 жылдан бері ансамбльді танымал музыкант және орындаушы, мәдениет саласының үздігі Владимир Лущ басқарып келеді. Өнер ұжымы 2016 жылы халықтық ансамбль атағын алған болатын. Ұжым құрамында дені зейнет жасындағы кісілер жұмыс істейді. Репертуарында жүзден астам халық және жергілікті авторлардың әндері бар, – дейді ансамбль жанашыры, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жақсылық Кәкенов.
Шара барысында ансамбль репертуарындағы қазақтың ән әлемінде, тарихында алтын әріппен жазылып, халықтың жүрегінде өшпес орын алған халық, патриоттық, өн бойыңды шымырлататын лирикалық әндер шырқалды. Абай Құнанбаев қалдырған әндерімен қоса көпшілікке белгілі «Менің қазағым», «Өз елім» тәрізді әндер және рудныйлық ақындар мен композиторлардың «Жас қала – Рудный», «Байтақ жерім – Қостанай» сынды әндерді нақышына келтіре орындап, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив