Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Қабылдау тәртібі өзгерді

Қабылдау тәртібі өзгерді

06.04.20
Автор: magnetit
Просмотров: 175
Комментариев: 0

Қабылдау тәртібі өзгерді


Қаламыздағы мемлекеттік кірістер басқармасында алдыңғыдай адамдар толып жатқан жоқ. Тіпті қызметкерлер отыратын орындықтардың өзі жартылай бос. Себебі, елімізде төтенше жағдай орнатылғалы бұл жерде жаңа жұмыс тәртібі енгізілді. Енді қызметтер онлайн түрде амалға асырылады.
– Құрметті Рудный қаласының салық төлеушілері, Рудный қаласындағы мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай жариялауына байланысты 17 наурыз бен 15 сәуір аралығында мелекеттік қызметтер электронды түрде амалға асырылады. Электронды амалға асырылмайтын қызметтер үшін біздің басқармаға келіп жолығуға болады. Мысалға, бақылау кассасын орнату, жеке сәйкестендіру нөмірін алу секілді қызметтер. Егер электронды түрдегі қызметтер бірер себептерге байланысты амалға аспай, кедергілер туындап жатқан сәтте де бізге келіп жолығуға болады, – дейді Рудный қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының есептеу, талдау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің жетекшісі Кәмшат Наурызова.
Мемлекеттік кірістер басқармасының жұмыс уақыты өзгеріссіз қалмақ. 9:00-ден 18:30 ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін. Дегенмен, бірер мәселе бойынша басқармаға келген әрбір азамат төтенше жағдайға байланысты нақты шарттарды орындауы тиіс. Әуелі есік алдындағы кезекші мамандар сіздің қай мәселеде келгеніңізді анықтайды, соң 5 бағыт бойынша жіктелген басшылардың қай біріне тиісті екенін айтып, тізімдегі телефонды нұсқап, қоңырау шалуыңызды өтінеді.
– Бізге жолығудан алдын қоңырау шалуға кеңес береміз. Арнайы маман сізге қажетті құжаттар тізімін айтады. Келіп анықтап, қайта барып құжат жинап жүрмейсіз, уақытты үнемдейсіз. Тағы бір қолайлы тұсы ұзын-сонар кезекке тұрмай, нақты келетін уақытыңызды біле аласыз, – дейді Кәмшат Наурызова.
Көлігіңізге немесе жеке мүлкіңізге салық төлемекші болған адамдар 4-33-93 нөміріне, салықтар мен міндетті төлемдер бойынша 4-73-53 нөміріне, қанша қарызы бар екенін білгісі келетіндер 4-33-83 нөміріне, ЖСН бойынша 4-72-36 нөміріне хабарласуға болады.
Одан бөлек мемлекеттік кірістер басқармасының арнайы телефондағы қосымшасы да бар. Ол жерде көрсетілген қызметтердің барлығын амалға асыруға мүмкіндік бар. Яғни, онлайн түрде салығыңызды төлеп, қарызыңызды өтеу секілді қызметтерді үйіңізде отырып-ақ амалға сыру мүмкіндігіне әрбір азамат ие. Тек тіркелсеңіз болғаны. Ол үшін жеке сәйкестендіру нөміріңіз және телефон нөміріңіз сұралады. Түрлі банктердің телефондағы қосымшасы арқылы да салықтарды төлеу мүмкіндігі жаратылған. Ең басты мақсат төтенше жағдай кезінде адамдардың топталуына жол бермеу және індеттің алдын алу.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив