Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Міндетті зарарсыздандыру

Міндетті зарарсыздандыру

06.04.20
Автор: magnetit
Просмотров: 140
Комментариев: 0

Міндетті зарарсыздандыру


Тасымалдаушылар ауа райына немесе эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, қоғамдық көліктерді екі рет арнайы тазартқыштармен жуып шығып, күніне кемінде екі рет зарарсыздандыруға міндетті. Рудный қаласындағы жолаушыларды тасымалдауға жауапты ұйымдардың қызметкерлерін бұл ақпаратпен дөңгелек үстел форматында тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау сарапшылары таныстырды.
– Коронавирустық инфекциялардан туындаған аурулардың алдын алу және онымен күресу мақсатында профилактикалық алдын алу және әрі қарай жалғаса беретін зарарсыздандыру жүргізіледі. Қоғамдық көліктерді зарарсыздандыру қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл ресім инфекцияның таралуын болдырмауға көмектеседі. Автобус ішін, жүргізуші кабинасын толық зарарсыздандыру қажет, – дейді зарарсыздандыру жұмыстарының маманы Ольга Сошникова.
– Қазақстан Республикасы әкімшілік кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары шығарған заңнама талаптарын, ұсынымдарын, қаулыларын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде орындамаса, айыппұл салынуы нақты көрсетілген, – деді қалалық ТҚСҚБ санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің жетекшісі Вадим Усов.
Алдын-алу шараларына немқұрайлы қарап және нұсқауларды орындамаған заңды тұлғалар жазаланады, сонымен қатар жеке тұлғалар үшін бөлек жазалар қарастырылған. Олар кез-келген байланыс жүйесі арқылы коронавирус туралы жалған ақпарат жіберетін, карантин режимін бұзған, дәрі-дәрмек қабылдаудан және емделуден бас тартқан, ауруы бар немесе жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды жасыратындарға қолданылады. Сонымен қатар, мұндай азаматтар үшін жауапкершілік тек әкімшілік кодекс аясында ғана емес, сонымен бірге қылмыстық жауапкершілікке де тартылатын болады.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив