Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Біз біргеміз

Біз біргеміз

06.04.20
Автор: magnetit
Просмотров: 173
Комментариев: 0

Біз біргеміз


Рудный қалалық «Нұр» мешіті демеушілік көрсеткен жамағаттың көмегімен көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған 20 отбасыға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен маскалар таратып берді. Осындай қайырлы іске арнайы бет алған бас имам Уәлиев Бектұрсын Торғайбайұлы мұқтаждарға арналған заттарды табыстап, жақсы ниеті мен тілегін айтып, мойындарына мол жауапкершілік артқан барлық жамағатқа алғыс білдірді.
– Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жарияланған «Біз біргеміз» акциясы халық арасында үлкен қолдауға ие болып, түрлі қайырымдылық шараларына бастау берді. Қазіргі сын-қатерге толы кезеңде әсіресе көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға жан-жақты көмек қажет. Осыны ескерген рудныйлық имамдар жиырмы шақты отбасы үшін азық-түлік пакеттерін жинап, карантин уақытында аса қажетті деп табылатын дәрі-дәрмек пен медициналық маскаларды үйді-үйге жеткізіп берді. Осыған жақыннан атсалысқан жамағатқа, демеушілерге мың алғыс. Қазіргі таңда барша әлемді дүрліктірген СOVID-19 жұқпалы індетінен арылу үшін Алладан шипа сұрап, ел амандығын тілеп дұға жасап отырмыз, – дейді Бектұрсын Уәлиев.
«Оң қолың берген садақаны, сол қолың білмесін» деген даналықты ұстанған бас имам демеушілердің және көмек көрсетілген отбасылардың атын атап, түсін түстеуді жөн көрмеді. Мешіт жамағаты шын ықыластарымен алдағы уақытта осындай қайырымдылық шараларын жиі өткізуді жоспарлап отыр. Қайрымдылыққа үлес қосамын деушілер мешітке барып жолығуына болады.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив