Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Озық идеялар қолдау тапты

Озық идеялар қолдау тапты

06.04.20
Автор: magnetit
Просмотров: 148
Комментариев: 0

Озық идеялар қолдау тапты


Цех конвейерлерімен шаң тәрізді күйіне дейін ұсақталған кенді қоспа тікелей бункерлерге жіберіледі, мұндағы балшыққа кен және концентрат қосылады. Технологиялық тізбектің бұл кезеңінде бункер ішіндегі шихта компоненттерінің тоннасын көрсететін цифрлар маңызды. Цехта еңбек ететін бункершілер бұдан бұрын үйінді көлемін болжаммен анықтап, операторға хабарлап отырған еді. Болжаммен жасалған ақпарат есептеу кезінде сәйкессіздіктерді туғызып отырды. Сондықтан, бұл проблеманың шешімін Бірлестіктің Шекемтас өндіру цехында инженер-энергетик болып еңбек ететін Александр Веприков тауып, радарлық деңгей өлшеуіштерді пайдалануды ұсынды. Өзінің өнертабыстық ұсынысын «Идеялар фабрикасына» жіберуден бұрын, білікті маман оны сынап көруді жөн көрді. Көмек құралы ретінде Өнеркәсіптік кешенде сорғыдағы су деңгейін өлшеу үшін қолданылған сездіргіні пайдаланды. Сынауға жіберілген құрылғы шамамен бір жарым жыл уақытқа бункерлерге қойылып, өлшеу жұмыстарын жүргізген. Осыдан кейін жаңа деңгей өлшеуіштерді сатып алып, қалған бункерлерге орнату шешімі қабылданды.
2018 жылы Адександр бұл ұсынысын Еолрдада өткен «Идеялар фабрикасының» финалында таныстырды. Өкінішке орай жерлесіміздің жобасы жеңімпаздар қатарынан көрінген жоқ. Алайда кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасына қосылып, Шекемтас өндіру цехына германиялық «Сименс» компаниясының 48 деңгей өлшеуіші сатып алынды. Әрбір радар үшін бірлестіктегі өндіріс ерекшеліктеріне жауап беретін реттеп баптау жұмыстары жүргізілді. Жалпы алғанда деңгей өлшейтін сездіргілерді пайдалануға енгізу жұмыстары үшін 280 мың АҚШ доллары жұмсалған. Ұсыныстың қолдау тапқан уақыттан бері бір жыл өткеннен кейін, Александр Веприков идеяның тиімділігін бағалай отырып, өндірістік процестің бұдан кейінгі кезеңдеріне де оның оң әсер ететінін атап өтті.
- Енді үйінді көлемін анықтаумен қатар диірмендердің, конвейерлік көліктің жұмысын дәл бағалай аламыз. Бұның барлығы дайын өнімді – күйдірілген шекемтас өндіруге жұмсалатын шихта компоненттерінің шығысын есептеуге әсер етеді. Маған энергетик ретінде электр энергиясының есебін жүргізу әлдеқайда жеңілірек болды, - дейді кейіпкеріміз.
Бункерлердегі шихта компоненттерін есепке алу жүйесін жетілдіру бұнымен тоқтап қалмайды. Қазіргі уақытта үйінді массасының деңгейін анықтаумен қатар сапалы дайын өнімді алуға көмектесетін шикізаттың максималды нақты жұмсалу көрсеткіштерін өлшем бірліктерінде көрсетуге бейімдеу мақсатында радарларды бағдарламалау бойынша жұмысы жүргізіліп жатыр.


Ерғали убайдуллаев
Суретті түсірген Жарасқан НҰРЫБАЕВ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив