Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
Вчера, 17:59
21
0
Вчера, 17:55
10
0
» Талабы таудай жас маман

Талабы таудай жас маман

02.06.21
Автор: magnetit
Просмотров: 931
Комментариев: 0

«ССКӨБ» АҚ еңбек ететін жұмысшылардың қатары жыл сайын дарынды әрі білікті мамандармен толығып келеді. Кәсіпорынның ертеңгі болашағы саналатын мұндай жастар қазірдің өзінде өз шеберліктерімен, үлгілі жұмысымен көзге түсіп, өздері еңбек ететін жұмыс орнының «Құрмет тақтасынан» көрініп жүр. Осындай жас мамандардың бірі Жанат Ыбыраев бірлестікке 2011 жылы келіп, білімін жетілдірудің арқасында үздіктердің қатарына қосылған.


 Қаламыздағы №11 кәсіптік лицейде білім алған Жанат Маратұлы жастайынан электроэнергетика саласына қызыққанын айтады. 9 сыныптан кейін «Жас түлек» аталған ол, жүрек қалауымен «электромонтер» мамандығы бойынша оқу түскен. Әрдайым білімін жетілдіруге ұмтылған жігіт оқу орнындағы «электр жабдықтарын жөндейтін электрослесарь» курстарына түсіп, бұл мамандықты да меңгеріп алған.
– Лицейде оқып жүрген кезімде алғашқы практикадан өту үшін «ССКӨБ» АҚ Жылу электр орталығына келдім. Сол кездері осы жерде жұмыс істеп жүрген тәжірибелі мамандардың бірі Иван Степанович Асеев менің алғашқы тәлімгерім болды. Мамандықтың қыр-сырын үйреткен ол, электроэнергетика әлемін таныстырып, бүгінгі жетістіктерге жетуіме үлкен үлес қосты, – дейді Жылу орталығының электрослесарі Жанат Ыбыраев.
Оқуды тәмамдағаннан кейін жас маман еңбек жолын Жылу электр орталығында бастап, бір жыл өткеннен кейін білімін әрі қарай жетілдіруді қалаған. Емтихандардан сүрінбей өткен ол 2011 жылы Рудный индустриялық институтына түсіп, 2015 жылы «Электроэнергетика бакалавры» деген диплом алған.
– Бала кезімнен физика, геометрия және математика пәндеріне қызығушылық таныттым. Жабдықтардың, аспаптардың жұмыс процесімен танысу, құрастыру мен үшін әрдайым қызық болған еді. Жоғарғы сыныптарда сызбалармен жұмыс істеп, ток көзін жалғауды меңгеріп алғандықтан осы мамандықты таңдадым, – дейді Жанат Маратұлы.
Кейіпкеріміз алған жоғарғы білімінің арқасында өзі еңбек етіп жатқан электрлі цех шеберлерінің резервінен көрінген. Осы уақытқа дейін цех басшылары жас маманға бригадир, шебер лауазымдарын да сеніп тапсырған. Жанаттың бүгінгі жұмысы цехтағы электр жабдықтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, істен шыққандарын қалыпқа келтіріп, жұмыс процесін қадағалаудан құралады. Бұдан бөлек жас маман қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселесіне де үлкен көңіл бөледі.
– Кәсіпорынның қарқынды дамуы, жабдықтардың жаңаруы әсіресе көңілімнен шығып отыр. Күнделікті жұмысымнан бөлек қаланың, бірлестіктің қоғамдық өміріне де белсенді араласып, спортпен шұғылдануды да ұмытпаймын. Түрлі туристік жиындарға қатысып, шаңғы тебуді ұнатамын, – дейді жас маман.
2020 жылы Жанат Ыбыраев сауаттылығы мен жауаптылығының, жұмыстағы тиянақтылығының арқасында цех басшылығы тарапынан жоғары бағаланып, Жылу электр орталығының «Құрмет тақтасына» ұсынылған. Әріптестерінің айтуынша, бұл Жанаттың жалғыз жетістігі емес. Күнделікті атқаратын міндеттерінен бөлек, жас жігіт кәсіпорындағы «Идеялар фабрикасына» жиі қатысады екен.
Жанат Маратұлы өз болашағына үлкен сеніммен қарайды. Мансап баспалдағы бойынша жоғары көтерілуді мақсат етіп қойған ол, білімін әрі қарай жетілдіруді де жоспарлап қойған. Ендеше Жанаттың арманы орындалсын деп тілейміз!


Ерғали Убайдуллаев
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив