Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Үнемді әрі тиімді жоба

Үнемді әрі тиімді жоба

19.07.21
Автор: magnetit
Просмотров: 4 514
Комментариев: 0

ССКӨБ-тің электр энергиясына қатысты келісімшарт жасасу арқылы жарықтандыру жүйесін модернизациялау жобасы үшінші Халықаралық энергияны үнемдеу форумында өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында үздік деп танылды. Осы бағытта Нұр-Сұлтан қаласында ауқымды шара да ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан, Германия, Жапония және Ресейдің халықаралық ұйымдары мен бизнес құрылымдарының жетекші сарапшылары қатысты.


 2013 жылы «Қазақстанда энергияны үнемдеу 2020» бағдарламасы бекітілген кезде өнеркәсіп секторы экономиканың барлық салаларында электр энергиясын тұтынудың шамамен 70%-ын құраған болатын. Соның ішінде ССКӨБ елдегі 30 ірі кәсіпорындар қатарында электр энергиясын тұтыну бойынша 6-шы орында тұрды. Соңғы жылдары бірлестікте энергияны үнемдеу саласында айтарлықтай өзгерістер болды. 2019 жылы олар мердігерлермен жасалған энергетикалық қызмет көрсету келісімшарттары аясында ескі шамдарды жарық диодты шамдарға жаппай ауыстыра отырып, жарықтандыру жүйесін жаңартуды бастады.
– Энергетикалық қызмет көрсету келісімшарты бойынша мердікер компания барлық жұмысты өз есебінен орындайды, ССКӨБ бұл жұмысқа бір тиын да салмайды. Мердікермен есеп айырысу жұмыс аяқталғаннан кейін ғана жасалады. Әрине, энергияны үнемдеуді растаған жағдайда ғана ортадағы келісім-шарт орындалады, – дейді «ССКӨБ» АҚ бас энергетик бөлімшесінде энергияны үнемдеу бойынша инженердің міндетін атқарушы Евгений Маканков.
Шекемтас өндіру цехы мен жөндеу-механикалық металл илектеу зауыты бірінші болып жарық диотты шамдарды орнатты. Олардың ізін ала «Соколов» кеніші, желілер мен қосалқы станциялар цехы, жол шаруашылығы және құрылыстар цехы, сонымен қатар жылу электр орталығында осындай жаңару жұмыстары амалға асырылды. Жаңа жарықтандыру құрылғылары барлық жағынан тиімді, электр қуатын 5-7 есе аз тұтынады. Ескісіне қарағанда жарамдылық мерзімі әлде-қайда ілгері. Бір жарықдиодты шамның өзі 10 жылдан астам уақыт қызмет көрсетуге қауқарлы.
– Өндірушілердің берген сипаттамаларына сәйкес, бұл шамдар 100 мың сағатқа дейін жұмыс істейді. Ал қолданыстағы ескі шамдардың жарамдылық мерзімі 12-15 мың сағатты ғана құрайды. Үнемділігімен қатар жарық диотты шамдардың жарығы да көбірек әрі ешқандай зияны жоқ. Сондай-ақ, жарық диодты шамдарда зиянды сынап болмайды, демек, оларды жарамдылық мерзімі біткен соң арнайы жерде жоюдың ешқандай қажеті де жоқ. Жобаны жүзеге асыру барысында кәсіпорын бөлімшелерінде 12 мыңға жуық шамдар ауыстырылды. Нәтижесінде тек 2020 жылдың өзінде ССКӨБ электр қуатын тұтынуды мақсатты түрде 31 миллион киловатт сағатқа қысқартып, 300 миллион теңгені үнемдеді, – дейді Евгений Маканков.
Бүгінде жобаны жүзеге асыру әлі де жалғасуда. Келесі кезекте Сарыбай және Қоржынкөл тау-кен кешендері, сонымен қатар тау-кен теміржол көлігі цехы тұр. Алдағы уақытта жарық диотты шамдар кәсіпорын аумағындағы барлық ескі шамдарды алмастырады деп

жоспарлануда.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив