Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
14-10-2021, 15:39
245
0
14-10-2021, 15:37
235
0
» ЭКО – науқан басталды

ЭКО – науқан басталды

23.09.21
Автор: magnetit
Просмотров: 666
Комментариев: 0

15 қыркүйек күні Горняков көшесіндегі бұрынғы кинотеатр айналасында кеншілер үлкен сенбілік өткізді. Негізінен мемлекеттік қызметкерлер – әкімдіктің, жұмыспен қамту бөлімі мен түрлі орталық ұжымдары, қалалық мұражай, оларға аумақты тазарту үшін спортшылар, атап айтқанда, бокс мектебінің тәрбиеленушілері де қосылды.


 Қала көшелерін абаттандыру айлығы аясында басталған алғашқы сенбілікке 15 мемлекеттік мекемеден 80-нен аса қызметкер келген. Одан бөлек тұрғындар арасында жалпы қалалық сенбілікке қатысуға ниет білдірген еріктілерде көп. Бұл жаныңды жадыратады дейді қала басшылығы. Себебі, тазалыққа жаны құмар азаматтардың саны артса, былыққан көшелер таза көшелерге айналарына үмітті.
– Облыс әкімі санитарлық тазарту айлығын жариялады. Аймақтық шара болған соң біз де қалыс қалмайтынымыз сөзсіз. Бүгін жең түре жұмысқа кірістік. Нақты жоспармен тазалайтын орындарды белгілеп алдық. Бірінші болып ескі кинотеатр айналасын тазартуды қолға алдық. Бүгінгі шараға мемлекеттік қызметкерлер атсалысып жатыр. Әрбір бөлімге бекітілген аумақтар бар. Айта кеткен жөн, бізде 18 қыркүйек күні Республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтеді. Оған да белсенді қатысуды жоспарлап отырмыз, – дейді Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы Асхат Омаров.
Барлық мемлекеттік қызметкерлер бүкіл ел бойлап өтетін экологиялық науқан алдында бір бой жаздырып алған секілді. Енді коммуналдық ұйымның келісімімен ең тазалауды қажет ететін көшелер қолға алынбақ. Алғашқы әрекетке «Мерей» аумақтық орталығы да жаппай қатысып отыр. Бұл орталық қызметкерлері қала деңгейіндегі мұндай шараларға үнемі ынтамен келеді екен. Себебі, қаланы таза ұстау әрбіріміздің міндетіміз дейді. Олар арнайы жарияланатын санитарлық тазарту айларын күтіп отырмай, сәт сайын сенбілік ұйымдастырып, өз көшелерін тазалап тұрады.
– Жыл сайын көктемде және күзде осындай ауқымды сенбілікке қатысуды біз дәстүрге айналдырғанбыз. Негізгі мақсатымыз – қаланы таза ұстау. Ретке келтірілген көшелерде жүру қашан да жағымды әсер береді. Оны өз қолымызбен жасасақ еңбегіміз қадірлі болады, – дейді «Мерей» аумақтық орталығында қарттар мен мүгедектерге əлеуметтік жəрдем көрсету бөлімінің меңгеруші Венера Сұлтанбекова.
«Рахат» ЖШС қоқыстарды алып кетуге жауапты. Болашақта қала әкімі аппараты полиция басқармасымен тығыз байланыста жұмыс алып баруды жоспарлап отыр. Себебі, бүгін тазаланған көше, ертең-ақ қаңғыбастардың бөтелкелестерімен бірге отыратын демалыс орнына айналуы мүмкін. Осындай жағдайда тұрғындар полицияға шұғыл хабар беруі үшін көшеге арнайы телефон құрылғысын орнатуды көздеген.
– Қала тұрғындарын осындай шараларға белсенді қатысуға шақырамын. Себебі, өмір сүретін ортамызды таза ұстау әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Келіңіздер, патриоттық қасиеттеріңізді танытыңыздар. Қоршаған ортаны абаттандыру үшін мұндай науқан өте қажет, – дейді Асхат Омаров.


Ерғали Убайдуллаев
Сурет интернеттен алынды

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив