Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
14-10-2021, 15:39
442
0
14-10-2021, 15:37
368
0
» Көпбалалы әке, домбырашы, жауапты бригадир

Көпбалалы әке, домбырашы, жауапты бригадир

23.09.21
Автор: magnetit
Просмотров: 847
Комментариев: 0

Бұл, «Соколов» кенішінде еңбек ететін Шерібай Жұмаевты сипаттайтын ерекшеліктердің бірі. Көршілес Өзбекстан Республикасының Тамды жерінен көшіп келген қандасымыз Рудный қаласындағы өндіріс орнын таңдап, көңілден шыққан мамандық бойынша білім алған. Қажетті кәсіп иесі атанған кейіпкеріміз, бүгінде, тау-кен теміржол көлік цехының белсенді әрі үздік жұмысшылардың қатарында.


 Тамды ауданындағы Орысқұдық ауылының тумасы Шерібай Ақбатаұлы туған жеріндегі мектептердің бірінде шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткенімен, атажұртына оралғаннан кейін болашағын өндіріспен байланыстыруды жөн көріпті. Қостанай өңіріндегі жетекші кәсіпорынның әлеуметтік жағдайлары мен жұмысшыға төленетін лайықты еңбекақысына қызыққан кейіпкеріміз, алдымен арнайы оқыту курсына түсіп, теміржол жөндеуші мамандығын меңгерген.
- 2008 жылы Елбасының «қандастарды тарихи отанына көшіру» бағдарламасы бойынша Рудный қаласына қоныс аудардық. Туған-туыстарымның кеңесімен өндіріс саласын таңдап, теміржол жөндеуші мамандығына қызығушылық білдірдім. «ССКӨБ» АҚ кадрларды даярлау орталығында арнайы дайындықтан өтіп, тау-кен теміржол көлік басқармасына келдім. Бұл жердің жұмыс жағдайы жоғары деңгейде, еңбекақы айдың 10-нан кешіктірілмей төленіп, емдеу-сауықтыру орталығында жұмысшылардың тегін емделуі қарастырылған, - дейді Шерібай Жұмаев.
Кәсіпорында еңбек етіп жүрген сегіз жылдың ішінде кейіпкеріміз белсенділігі мен тиянақтылығының арқасында басшылық назарына ілігіп, бесінші разрядты бригадир болып тағайындалған. Қарамағындағы теміржол жөндеушілермен бірге Шерібай Ақбатаұлы нақты белгіленген жол тармағында кенді тасымалдайтын жылжымалы құрамның кедергісіз өтіп тұруын қамтамасыз етеді. Дәлірек айтқанда, учаске бастықтарының тапсырмасы бойынша жолдың авариялық бөліктерін анықтап, көмекші құралдардың көмегімен ақаулықтарды жоюмен шұғылданады.
- Күнделікті жұмыс барысында қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін сақтауға ерекше назар аударамыз. Себебі бұл, жұмысшының денсаулығы мен өмірі үшін маңызды. Цехымызда еңбек етемін деген адамға әрдайым жұмыс бар. Жастар да келіп, тәжірибелі жөндеушілерден үйреніп жатыр. Бұдан бөлек, басшылық тарапынан да қолдау жоғары. Жақында теміржолшылар үшін модульдік бөлме-жай жеткізіліп, тамақтануға арналған барлық керек заттары бар. Ыстық күндері осы бөлмеге келіп, желдеткіш астында демалуға болады. Сол сияқты қыстың қаһарлы аязында тоңбас үшін, заманауи жылытқыш пеші де қарастырылды. Кәсіпорынның осындай қамқорлығына қызығып келетіндер аз емес, - дейді бесінші разрядты бригадир.
Көпбалалы әке өнерге де жақын екен. Ата-бабасынан бойына дарыған өнердің арқасында домбырасын қолға алып, кәсіпорында ұйымдастырылатын әртүрлі конкурстарда жеңімпаз атанып жүр. Сондай-ақ, Рудный қаласында өткізілетін өнерпаздар сайысына да жиі қатысып тұрады.
Өнерлі өрге жүзер демекші, кейіпкеріміздің әлі талай жетістіктерге жетіп, жүктелген міндетін абыроймен атқаратынына сенімдіміз.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген Елена Артемова

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив